8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Сәуір 2019 1872 0
Өзек

3.5 ТОННА БАЛЫҚ ТӘРКІЛЕНДІ (видео)

Батыс Қазақстан облысында «Бекіре-2019» жедел профилактикалық іс-шара барысында 3,5 тоннаға жуық ұсақ балық түрлері тәркіленді.

Батыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғат қорғау полициясы тобының қызметкерлері «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 5 сәуірінде түнгі сағат 02:40 шамасында Чапаев ауылының маңында Атырау-Орал тас жолында тиісті құжаттарсыз 3,5 тонна ұсақ балық түрлерін тасымалдағаны үшін «ГАЗ-53» маркалы автокөлігінің жүргізушісі «А» есімді 1980 жылы туған азаматты ұстады.

Аталған факті бойынша Ақжайық ауданының полиция бөлімі ҚК-нің 196-бабының 1-бөлігі (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Қазіргі уақытта балықты қайдан алғаны тексерілуде.

Айта кетейік,  «Бекіре-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы Батыс Қазақстан облысының Орал-Каспий бассейні аумағында ағымдағы жылдың  31 мамырына дейін жалғасады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
123 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
192 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
232 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»