ЖАС ДЕЛЕГАТТАР БҰҰ ҮЛГІСІНДЕ ПІКІР АЛМАСТЫ
Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде БҰҰ үлгісіндегі ІІ аймақтық конференция өтті. Қала білім ошақтары, Ақтөбедегі Зияткерлік мектептің және оралдық зияткер оқушылар «Баламалы энергия көздері» және «Босқындар» мәселелерін талқылады. Шара ағылшын тілінде өтті.

25 елдің өкілдері ретінде жұмыс жасаған олар БҰҰ моделінің форматына сәйкес мүдделес мемлекеттер ретінде бірігіп, мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.
Қатысушылар баламалы энергия көздерін пайдаланудың қажетті тетігін әзірлеуде елдер арасындағы ынтымақтастықтың жоқтығы туралы мәселені атап өтті. Олардың тарапынан жасыл энергия көздерін пайдалануды мықтап қолға алған Германия мен Норвегияның тәжірибесін алу, осы мәселеде нақты іспен айналысып жүрген азаматтарға сыйақы беру сияқты ұсыныстар берілді. Босқындар мәселесінде бірлесе отырып оларға арнап лагерьлер салу мүмкіндігі айтылды.
– Конференция оқушыларды жаһандық мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуға үндейді. Келіссөздер жүргізу қабілеттеріне, маңызды мәселелерді шешу жолдарын таба білуге баулиды. Олар түрлі дереккөздермен жұмыс жасап дағдыланады, – дейді Оралдағы Зияткерлік мектеп мұғалімі Орал Қыдыршаев.
Конференция соңында қатысушылар түрлі аталымдары бойынша марапатталды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу