ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ МҰРАТ МҰҚАЕВ: «ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА БАРШАМЫЗ ЖАУАПТЫМЫЗ»
Бүгін Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев шаһардағы кәсіпкерлік субъектілері мен мекеме-ұйым басшыларын және ПИК жетекшілерін жинап, қала бойынша жарияланған санитарлық тазалық айлығына белсене қатысуға шақырды.

– Орал қаласы – еліміздегі экологиялық таза қалалардың бірі. Көптеген қонақтарымыз өңірдің саф ауасы мен жасыл желекті табиғатына ерекше тамсанатыны жасырын емес. Елбасы Н.Назарбаевтың өзі Оралдың экологиялық тазалығына жоғары бағасын берген болатын. Жер-аяғы кеңісімен сенбіліктер ұйымдастыру дәстүрге айналды. Қазір қар жақсы еруде. Толыққанды тазалық жүргізуге мүмкіндік бар. Бірінші кезекте қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға мән беруіміз керек. Меншік түріне қарамастан барлық мекемелерді қала тазалығына атсалысуға шақырамын, – деді Мұрат Рахметұлы.
Тазалық шарасын жүргізуге мемлекеттік ұйымдар, коммуналдық мекемелермен қатар өнеркәсіп, өндіріс, құрылыс кәсіпорындары мен сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтары және банктер де жұмылдырылады. Жиын барысында осы салаларға бекітілген тазалау аймақтары таныстырылды. Оған қоса әрқайсысы өздерінің нысандарына тиесілі аумақтың тазалығына жауапты. ҚР «Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы» Заңының қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру туралы 505-бабына сәйкес, тазалыққа жауапсыз қарағандар ескертуден бастап, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады.
– Орал – ортақ үйіміз. Қаланың келбетін жақсарту мақсатындағы жұмыстар атқарылуда. Жолдар жөнделіп, құрылыс жұмыстары қарқын алды. Биыл мемлекет бюджеті есебінен 10 мың көшет отырғызылады. Бұл іске жеке субъектілер де үлес қосып, өздерінің ғимараттарының маңын көгалдандыруы керек. Нысанның қасбетін жарықтандыру да маңызды, – деді қала басшысы.
Жиынға қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, санитарлық тазалау айлығына белсене қатысатындарын жеткізді.
Айта кетейік, облыс басшысының тапсырмасына орай Орал қаласы әкімдігі 30 наурыз бен 18 мамырға дейін тазалық айлығын жариялаған болатын. Екі айға созылатын тазалық айлығы «Жасыл қала -Жасыл Орал» атауымен өтеді.


Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу