СУ ТАСҚЫНЫ: БҚО-ДА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті зіл-залалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының БҚО су тасқыны жағдайы бойынша ақпаратына сүйенсек, облыс бойынша жағдай тұрақты. Қазіргі қар жамылғысы 26%-дан кем.

Қазіргі уақытта Жайық өзені – Январцево ауылы тұсында жиексулар, Орал қаласы тұсында – сирек мұз қозғалысы, Көшім ауылы маңында – мұз қозғалысы байқалады. Жайық өзені Тайпақ ауылы маңында – таза. Шаған өзені Чувашинск ауылы маңында қалдық кемермұздар бар. Қара Өзен өзені – Қайыңды ауылы маңында – жиексулар, Жалпақтал ауылы тұсында – мұз орнында еруде. Сары Өзен өзенінде. (Қошанкөл ауылы тұсы) – мұз күңгірттенді. Сары Өзен өзенінде. (Бостандық ауылы) – мұз орнында еруде, Деркөл өзенінде де (Тасқала ауылы, Белес ауылы) – мұз орнында еруде.
Қар шығару, су өткізу құбырларын тазалау, ойықтарды бұрғылау және мұз кесу жұмыстары аяқталды. Жалпы ауданы 215 мың м2 болатын мұз кесіліп, 29 660 ойық бұрғыланды. Еріген суды шығару жұмыстары жалғасуда. Бүгінге дейін 64 448 м3 су сорылған. 20 адам және 10 бірлік техника, 3 мотопомпа жұмыс жасауда.
Облыстағы өзендерге судың 80 пайызы Ресей Федерациясынан келетінін де ескеру керек. Ресей Федерациясындағы Ирикла су қоймасынан су жіберу 15 м3/сек құрайды. Бос сыйымдылық – 700 млн.м3. Толымдылығы – 79%. Республикалық меншіктегі су қоймаларының орташа толымдылығы 43,4%. Сары Өзен өзенінде Варфоломеев су қоймасынан (РФ) су жіберу бүгінгі күні жүзеге асырылмайды. Толымдылығы – 58,6 %.
Күштер мен құралдардың есебі 2443 жеке құрам мен 707 бірлік техника, 51 жүзу құралы, 266 мотопомпаны құрайды.
Қалыптасқан жағдай бойынша су тасқыны қаупінің жоғары деңгейі Орал қаласында, Тасқала ауданында және Бәйтерек ауданында сақталып отыр. Теректі, Бөрлі, Қазталов аудандарында су тасқыны жағдайының орташа деңгейі байқалады. Шыңғырлау және Жәнібек аудандарында су тасқыны қаупінің деңгейі төмен. Жаңақала, Сырым, Ақжайық, Қаратөбе және Бөкейорда аудандарында қауіп жоқ.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу