БҚО-ДА КӨКТЕМГІ ДАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ БАСТАУҒА КЕДЕРГІ ЖОҚ
БҚО-да көктемгі далалық жұмыстарға дайындық шаралары пысықталуда.

Гидрометқызметтің мәліметі бойынша күзгі-қысқы мезгілдегі топырақтың жоғарғы қабатындағы ылғал қоры 2018 жылғыдан артық көрсетілуде. Облыс аумағында көктемгі дала жұмыстары басталар кезеңге топырақтың метрлік қабатындағы ылғалдану жағдайы топырақтың далалық төменгі ылғал сыйымдылығынан 55-73 пайыз немесе өнімді ылғал қоры 72-145 мм құрап, қанағаттанарлықтай болады деп күтілуде.
БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл көктемгі далалық жұмыстарға 4215 трактор, 4081 дәнсепкіш, 830 қопсытқыш және «Джон Дир», «Флексикойл», «Кейс», «Хорш» маркалы 47 жоғары өнімді егіс кешендерінің қатысады. Бүгінде тракторлардың 97%, дәнсепкіштердің 96%, қопсытқыштардың 97% жұмысқа дайын.
Көктемгі далалық жұмыстарды жүргізу үшін облысқа 12 мың тонна дизель отыны керек. Жеткізуші оператор – «Батыс Арна» ЖШС.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру
Пікір үстеу