БҚО-ДА ЕГІС АЛҚАБЫНЫҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЯДЫ
Биыл меморандумға сәйкес Батыс Қазақстан облысындағы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 542,3 мың га. құрамақ. Бұл 2018 жылдан 25 мың гектарға, яғни 4,9 пайызға артық болмақ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте айтылды.

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының сөзінше, нарықтағы сұранысқа және өндірістік тиімділігіне байланысты майлы дақылдар алқабы – 18,2%-ға, картоп – 2,4%-ға және көкөніс-бақша дақылдарының алқаптары 7,5%-ға ұлғаяды деп күтілуде. Дәнді дақылдардың алқабы 265,0 мың гектары құрауы тиіс, оның 76,6 мың гектарына күздік дақылдар өткен жылдың күзінде егілген. Тиісінше, жаздық дәнді дақылдарды 188,4 мың га алқапқа егу жоспарланып отыр.
БҚО ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Омашев атап өткендей, егіс алқаптарының құрылымына сәйкес жаздық дәнді дақылдар егу жоспарында жаздық бидай – 83,4 мың га немесе 44,3%, арпа – 85,0 мың га немесе 45%, тары – 4,4 мың га (2,3%) және басқа да дәнді дақылдар – 5,6 мың га (2,5%) болады деп көзделуде.
Майлы дақылдар 64,8 мың га болады деп күтіледі. Оның ішінде күнбағысты 51,0 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Картоп және көкөніс-бақша дақылдарын 10 000 га алқапқа егу жоспарланған. Оның ішінде картоп – 4 300 гектарға, көкөніс дақылдары – 3 800 гектарға, бақша дақылдары – 1 900 гектарға егіледі.
Ағымдағы жылы мал азықтық дақылдардың егісі 202,5 мың гектар құрауы тиіс. (2018 ж. – 175,7 мың га) оның ішінде біржылдық шөптер – 41,7 мың га, сүрлемдік дақылдар – 0,6 мың га, көпжылдық шөптер – 18,0 мың га. Өткен жылдардан қалған көпжылдық шөптердің алқабы 142,2 мың га.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу