8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Наурыз 2019 1702 0
Қоғам

ОРАЛДА ИНТЕРНЕТ-КАЗИНОЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Орал қалалық прокуратурасы сот арқылы 6 интернет-казиноға (777-azino.ru, 777faraon.org, casinoroom.com, elfarts.com, va-bank7.com и vulkanroyal.net) тыйым салды.

Қазақстан Республикасының аумағында заңмен электрондық казино және интернет-казино қызметіне тыйым салынғанына қарамастан, аталған сайттар нақты уақыт режимінде құмар ойындарын өткізген.

Мысалы, vulkanroyal.net сайтында казино, автомат, слот, рулетка, покер және басқа да құмар ойындардың 30-дан астам түрін ойнауға және Qiwi, Webmoney, Visa, Mastercard, Maestro, ATF24, Касса24 ақша төлемдерінің сервистары арқылы ұтысты алуға болады.

Осы орайда Орал қалалық прокуроры сотқа vulkanroyal.net сайтын заңсыз деп тану туралы талап арыз беріп, ол 2019 жылғы 12 ақпанда қанағаттандырылды.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше,26 наурызда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен сайт жабылды. Дәл осылай басқа да интернет-казинолардың жұмысы тоқтатылды.

Сонымен қатар, өткен жылы прокуратура мен мемлекеттік кірістер органдарының бірлескен жұмысының арқасында Орал және Ақсай қалаларында заңсыз ұйымдастырылған 9 ойын залдары жабылды.

Кінәлі 5 тұлға Қылмыстық кодексінің 307-бабымен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 44 компьютерлік техника мен 800 мың. теңге ақша мемлекет пайдасына тәркіленді.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
190 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
416 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
404 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»