«БАЛА ДАУЫСЫ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛАДЫ
29 наурыз күні Қазақстанда жыл сайынғы дәстүрлі «Бала дауысы» байқауы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат байқау ұйымдастырушыларына сілтеме жасап.

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы – ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының төртінші маусымы басталады. Еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы осы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен өтеді.
«Байқаудың негізгі мақсаты – музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу. Байқаудың бірінші маусымынан бастап балабақша мен мектептерге сыйлаған 56 жаңа ән жазылды; іріктеу кезеңдеріне 20 156 бала қатысып, телевизиялық эфирлерде 12 концерттік шоу, 24 күнделік, 128 бейнеролик көрсетілді. «Бала дауысының» көптеген түлектері қазіргі таңда «Жандану әлемі» Қорының қолдауымен музыкалық мектептер мен колледждерінде тәлім алуда. Байқаудың іріктеу кезеңдерінің еліміздің барлық өңірлерінде өтуі – «Бала дауысының» бірегейлігі» делінген хабарламада.
Биыл «Бала дауысы» байқауы жаңа форматта өтеді. 29 наурыз бен 22 мамыр аралығында шығармашылық топ 8 және 12 жас аралығындағы нағыз таланттарды таңдайды. 17 ең үздік балалар дауысы ғана байқаудың Супер финалына жолдама алады. Еліміздің барлық облыс орталықтары мен Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында бүлдіршіндерді әділ-қазы құрамына кіретін қазақ эстрадасының әйгілі жұлдыздары, танымал продюсерлер мен хореграфтар күтеді. Іріктеуге келген әрбір бала естелік сыйлықтар мен дипломдарға ие болып, байқаудың күнделіктері түсіріліміне қатысады. Балалардың ата-аналары мен тәлімгерлері де шетте қалмайды, олардың қалауымен балдырғандардың шығармашылығын дамыту бойынша мастер-кластар және бала психологиясы мәселелері бойынша консультация өткізіледі.
Күзде еліміздің үздік 17 дауысы «Жұлдызды арман үйінде», Алатау тауларының баурайында орналасқан «Бөбек» ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды Супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне дайындайды.
24-26 қазан аралығында Алматы қаласының «Республика сарайында» өтетін байқаудың супер-финалында байқау аясында жазылған жаңа әндер шырқалып, «Балалық шақтың мейірімді ғаламшары» атты спектакль-мюзиклдің тұсаукесері өтеді. Көрермендер финалистердің қатысуымен өтетін қайталанбас шоудың куәгері бола алады. Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және онлайн-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды.
Барлық финалистер арнайы сыйлықпен марапатталып, ал, ең үздік деп танылған Бала дауысы еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға грант және ертегі әлемі – Диснейлендке жолдама алады.
Айта кетейік, ең алғашқы іріктеу 29 наурыз күні Алматыдағы Оқушылар сарайында өтеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу