«ҒАРЫШ. ҒЫЛЫМ. ИНТЕЛЛЕКТ»: ОРАЛДЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖЕҢІСІ
Қызылорда қаласында өткен Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбына арналған ІХ Наурыз кездесулерінің қорытындысы жарияланды. Еліміздің әр өңірінен жиналған жас зерттеушілер аэроғарыштық инженерия тақырыбындағы 80-нен астам жоба таныстырды. Осы байқауда Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Ақылбек Мақсотовтың зерттеуі I орынға лайық деп танылса, 9-сынып оқушысы Эламир Кадыргалеев жүлделі III орыннан көрінді.

Тоқтар Әубәкіровтің қолынан марапат алған Ақылбек реактордың 3D моделін, реакция анимациясын жасап шығарған. Реактор арқылы қазіргі кезде ғарыш айлағына тасталып жатқан көміртегі диоксидінен оттегі және метан алуға болады. Оттегі экипаж мүшелеріне тыныстау үшін, ал метан ракета қозғалтқышқа отын ретінде пайдаланылады. Айта кетейік, Ақылбекке бұл күні Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алуға жолдама берілді.
– Әрине, қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов ағаларымыздың зияткерлік мектеп оқушыларының жобаларына жоғары баға беруі, космонавтика саласының халықаралық сарапшысы Майкл Лутомски және NASA-ның ғылыми зерттеушісі Правин Пратапанмен кездесуіміз әр зияткерге зор шабыт сыйлады. Наурыз оқулары барысында телескоп, VR-көзілдірік пен планер, парашюттерді дайындау бойынша шеберлік сағаттары да өтті. Менің әр қарсыласымның жобасы бірегей деп айта аламын, – дейді Ақылбек.
Ал Эламир «COSMO-I» жобасында ғарыш ассисстентінің прототипін жасақтаған. COSMO-I – жасанды интеллект жүйелерін бірыңғай жүйеге интеграциялау арқылы техникалық мәселелерді шешуге қабілетті бағдарлама. Ғарыш кемесінің бортында ассистент ретінде қызмет ететін жоба борттағы ақауларды анықтай алады. Жобада ғарыш кеңістігінде планеталарды, астероидтерді және метеориттерді тануға қабілетті жасанды интеллект үлгісі пайдаланылған, сондай-ақ ол магнит өрісінің, температураның және басқа параметрлердің әсерлерін есептейді.

– Байқоңыр ғарыш станциясында ғарыш зымыранының ұшуын өз көзіммен тамашалауға мүмкіндік берген жандарға алғысым шексіз. Менің замандастарымды ғарыш саласының қандай мәселесі алаңдатады, олар қандай зерттеу жүргізуде деген сұрақтарыма жауап алдым. Өз жобамның артықшылығы мен жетілдіру керек тұсын анықтадым. Оралға келе сала жұмысты жалғастырамын, – дейді Эламир.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметінің дерегінше, жас зерттеушілер Халықаралық Ғарыш станциясын қоқыстан тазарту және ғарышкерлердің борттағы жағдайын оптимизациялау – тамақтану, медицина, арнайы жабдықтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Ақылбектің ғылыми жетекшілері – информатика пәнінің мұғалімі Айсұлу Сүлейменова мен xимия пәнінің мұғалімі Алтынбек Жанаxметов. Ал Эламирді ғылым жолына баулып жүрген ұстаздары – информатика пәнінің мұғалімі Жамила Хусанова, физика пәнінің мұғалімі Татьяна Акопова.

– Ақылбек – білімқұмар оқушы. Химия-информатика пәнінің оқытушылары оның тереңдетілген тапсырмаларды орындағанды жақсы көретінін, ақпаратты жан-жақты зерттеуге дағдыланғанын айтады. Робототехникаға да қызығушылығы жоғары. Әсіресе, «ROBOLAND – 2016» халықаралық фестивалінде белсендік танытты. Өз бетімен оқуға, ізденуге талпынады. Желілік пән олимпиадаларында да өзінің терең білімін көрсетіп жүр, – дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Ернар Гайсин.
Орал қаласындағы НЗМ баспасөз қызметі
Фото «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ архивінен
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу