ТАСҚЫНҒА ТОСҚАУЫЛ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Биыл өңірде қар мол түскені мәлім. Сондықтан көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары шаһарда ертерек басталды.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қыс бойы «Жайық таза қала» ЖШС қызметкерлері тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасап, 1 млн. текше метр ұлпаны қала сыртына шығарды. Оған еріктілер, сарбаздар да жұмылдырылды. 5 арнайы қар шығаратын полигон қарға толтырылса, 2 полигонның толуы жақын. Дегенмен, табиғаттың «сыйы» наурыз басталса да, толастар емес. Соңғы күндері 1,5 шамада жауын-шашын түскен. Бұл – ай жарымдық шамамен бірдей.
Ал 10 наурыздан бастап ауа райының жылынуына байланысты кейбір көшелерде еріген қар суы жиналуда. Осы ретте қала әкімдігі арнайы техникаларды көбейтті. Ірі кәсіпорындар мен құрылыс компаниялары да техникаларын жұмылдырғанын атап өту керек. Қазіргі уақытта шаһар аумағында 350 техника, 50 су сору құрылғысы жұмыс жасауда. Бүгінге дейін 10 мың текше метр су сорылды. Әсіресе, қоғамдық көліктер жүретін көше жолдары мен су басу қаупі бар аумақтар ерекше назарда.
Тасқынға тосқауыл жұмыстары қауіп сейілгенге дейін жалғасатын болады. Бұл жұмыстар қала басшысы М.Мұқаевтың жеке бақылауында.

Сондай-ақ, қала әкімдігі жауған қарды тазалауға кедергі келтірмеу үшін жүргізушілердің жеке автокөліктерін көше бойына қалдырмауды сұрайды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу