ОРАЛ ЖАСТАРЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛ АЙТЫП, ЖАРЫСҚА ТҮСТІ
Орал қаласының өрендері мақал–мәтел айтып, білгірлік сайысына түсті.

Бүгін Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Мақал-мәтел – сөз мәйегі» атты сайыс ұйымдастырылды. Оған мектеп оқушылары, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Жастар жылы аясында өткізілген шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің тіл мәдениеті деңгейін көтеру. Аталмыш бөлім басшысы Қуанышбек Мұқанғалиевтың айтуынша, М.Горький атындағы қалалық кітапханада өткен алғашқы іріктеу кезеңіне 34 жас қатысқан. Іріктелген 13-іне қорытынды кезеңге жолдама берілген.
– Жастар жылы аясында қаламыздағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірқатар шараларды жоспарладық. Соның алғашқы легі осы – мемелекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатындағы байқау. Ата-бабамыздан қалған сөз мәйегін жалғастыру, жастардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру, салмақты сөйлеуге баулу – негізгі мақсатымыз. Бұдан бөлек «Көрісу айт» күніне орай және Наурыз мерекесі қарсаңында жас өнерпаздардың қатысуымен «Ұлы дала сазы» атты концерт өтпек. Сондай-ақ өнерлі дарындарға қолдау көрсету – біздің назарымызда. Мәселен, таяу күндері Әділ Ахметов есімді талантты жас ақынның жеке шығармашылық кешін ұйымдастырмақпыз. Жыл соңына дейін бұдан басқа да ауқымды шаралар өткізіледі, – дейді Қуанышбек Жанболатұлы.
Байқауға қатысушы 13 өрен алдымен мақал-мәтелдерді қолданып, көркем сөзбен өздерін таныстырды. Екінші кезеңде жеребе арқылы түскен тақырыптарға орай мақал-мәтел айтып жарысты. Бұл кезеңде сайыскерлердің тақырыпқа орай мақал-мәтелдерді көбірек табуына басымдық берілді. Бұдан кейін ұсынылған сөздерге мақал-мәтел табу кезеңі қатысушылардың ой-өрістерін, тапқырлықтарын шыңдаған сайыс болды. Алайда, белгіленген уақытта мақал-мәтел таба алмай, тосылғандар да табылды. Ал қатысушылардың басым бөлігі мақал-мәтелдің жалғасын табудан қиналды. Өйткені, бұл кезеңде аса күрделі, қоғамда жиі қолданылмайтын мақалдар ұсынылғанын атап өту керек. Қазылар алқасының төрайымы Шолпан Қыдырниязова болашақта ұйымдастырушылардың осы жайтқа назар аударуы қажеттігін ескерттіп, халық арасында көп тараған мәтелдерді жасырған дұрыс болатынын қаперге салды.
– Абызынан нақыл, анасынан ақыл қалған қазақтың ұрпағымыз. Біз әлі тілімізді тұғырына қондыруға ұмтылып келеміз. Тіл туралы заңымызда мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген және орыс тілі де осы деңгейде қолданылатыны жазылған. Сондықтан қазір екі тілде жазып, екі тілде сөйлеп жүрміз. Енді, міне, мақалдарды білуге ұмтылған жастар өсіп келеді. Бүгін соны көріп қуандым. Оқушының мақал айтуға ұмтылысы – жетістік. Қазақ халқының мықтылығы тілінің туы – көкке өрлегенде өлеңмен сөйлейді, шешендері мақалдатады. Бабалардан қалған мұраны жеткіншектердің жаттап жүргені жақсылықтың нышаны. Тілдің туын көтеретін осы – жастар. Тілді әрі қарай жеткізетін, осы міндетті мойындарына алып тұрған балалардың өмірлері өрнекті, тілдері тіліп түсер қылыштай болсын, намыстары берік болсын, – деп ақ батасын берді.
Жарыс қорытындысында №48 орта мектептің оқушысы Айбар Кәкімжанов, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің студенті Айнара Нұрғалиева, №49 орта мектептің оқушысы Нұрбибі Қуанышқалиева жүлделі орындарды иемденді. Сондай-ақ барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Кіру
Пікір үстеу