БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ БҮЛДІРШІНДЕРІ АЛҒЫС АЙТТЫ
Бірінші наурыз – Алғыс айту күні. Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқының көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілділік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні деп саналады. Бұл күнді облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері де естен шығармады.
Бүгін облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнұр Кенесарина бастаған топ Алғыс айту күніне орай мерекелік акцияны қолға алды. Қазіргі таңда балалар ауылында бірнеше ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті тұрып жатыр. Акция аясында өзге ұлт өкілдері балалары өздерін қамқорлап, қорғап, қолдап жүрген жандарға алғысын білдіру мақсатында қолдарына жылы лебіздер жазылған жүрекшелерін алып, алдымен облыстық білім басқармасына келді. Балаларды жылышыраймен, қуана қарсы алған облыстық білім басқармасының инклюзивті арнаулы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің жетекші маманы Сәулеш Хамзина оларға игі тілегін жеткізіп, өмірдің кез-келген қиындығына мойымай, тек алға ұмтылуға шақырды. Бұдан әрі балалар өздеріне қамқоршы болып, 15 жылдан бері қол ұшын созып жүрген Александр Әжғалиевке, неміс этно мәдени бірлестік өкілдеріне, «Конденсат» компаниясы, «Балзия» кондитерлік фабрикасы басшыларына, облыстық мәслихат депутаты Ляна Тұрсыноваға, жергілікті әкімшілік өкілдеріне арнайы барып, шексіз алғыстарын білдірді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу