Серік Хаирұлы Мұхамбеталиев №3 округ депутаты
1967 жыл 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданына (қазіргі Сырым ауданы) қарасты Өленті ауылында дүниеге келген.
1992 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтайды.1992 жылдан 1994 жылға дейін «Фрунзенское» оқу – тәжірибелік шаруашылығында агроном болып қызмет атқарады және 1994 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университеттің жанындағы аспирантураға оқуға түсіп, оны 1998 жылы аяқтайды, 2000 жылы Самара ауылшаруашылық академиясында ауылшаруашылық ғылымдары кандидатының ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертацияны сәтті қорғайды. Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы мерзім ішінде ол оқытушы болады, кейін 2000 жылдан бастап Республикалық оқу – әдістемелік бірлестігі төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2001 жылы колледждің оқу ісі бойынша директордың орынбасары, 2012 жылдан бастап Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің директоры болып тағайындалады.
2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік – гуманитарлық университетінде «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша «Бакалавр» академиялық дәрежесімен екінші жоғары білім алады.
С.Х.Мұхамбетқалиев өсімдіктану бойынша 100–ден аса ғылыми мақалалар, оқулықтар және оқу құралдарының авторы. «Мұнай газ өндірісі» бойынша Республикалық әдістемелік бірлестігінің төрағасы ретінде Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, Типтік оқу жоспарлары, мұнай газ мамандықтары бойынша оқу – әдістемелік кешендер әзірлеумен айналысады.
С.Х.Мухамбеталиев мемлекеттік марапаттарға ие болды, төсбелгілері: «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин», «Сафи Өтебаев атындағы грант иегері», «Қазақстан Республикасы білім саласының көшбасшылары» кітабына енді.
Үйленген, екі баласы бар.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу