ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАР БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ КӨБЕЙДІ
Президенттің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны көтеру еңбекақысы ең төменгі жалақы мөлшерінен (42 500 теңге) төмен алатын қызметкерлерге қатысты болып отыр. Осыған байланысты ресми жалақысы ең төменгі жалақының жаңа өлшемінен төмен азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы көбейтілді. Орал қаласы білім беру ұйымдарындағы 7 мыңға жуық қызметкердің жалақысы артқан. Бұл туралы Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Асан Нарымбаев айтып берді.

– Бұл жаңалық Орал қаласының білім беру ұйымдарының 7 мыңға жуық қызметшілеріне қатысты. Өйткені, олардың жалақысы ең төменгі жалақыны көтергеннен кейін 35%-ды құрайды. Бұл ең алдымен 1-4 сынып мұғалімдері, техникалық қызметкерлер, негізгі және әкімшілік қызметкерлер, мамандандырылмаған орта арнайы білімі бар және жұмыс өтілі төмен қызметкерлер. Мысалы, көмекші және техникалық қызметкерлер, хатшылар, операторлар, еден жуушылар және тағы басқалар. Әкімшілік қызметкерлер – әдіскерлер, есепшілер және орта арнайы білімі бар жандар.
Білім берудегі жаңашылдық негізгі персоналдың арасында бастауыш сынып мұғалімдеріне, қосымша білім беру педагогтарына, тәрбиешілерге, әдіскерлерге, зертханашыларға қатысты. Яғни санаты жоқ орта арнайы білімі және шағын жұмыс өтілі бар мамандар. Ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге, ұлттық біліктілік тестінен өткен бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге, тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге, тілдік курстар бойынша негізгі қызметкердің оқу кезеңіне ауыстырылғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге, мектеп педагог-психологтарының лауазымдық жалақыларының мөлшерін ұлғайтуға, орта білім беру ұйымдарын жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізуге қаражат қарастырылды, – дейді Асан Маратұлы.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу