8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Ақпан 2019 1959 0
Қоғам

«КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА»

БҚО әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кезінде көпбалалы отбасыларға жасалып жатқан қолдау мәселесіне тоқталды.

–  Бірде-бір отбасы қараусыз қалмайды. Өңірімізде әлеуметтік жәрдемақылар алатындар саны 63,5 мың адамды құрайды. Есепті кезеңде олардың өмір сапасын жақсартуға, қолдауға 5,4 млрд. теңге қарастырылып отыр. Мәселен,  атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына сай, 3,5 мың адам әлеуметтік көмек алады.  Облыста 24 мың мүмкіндігі шектеулі жан болса, оның 2654-і балалар. Аталмыш санаттағы жандар толықтай әлеуметтік төлемдер алады. 8 мың мүмкіндігі шектеулі жанға көмекші және арнайы қозғалыс құрылғылары сатып алынды.  Сондай-ақ 1032 нысан, яғни мектептер, вокзал, кеңселер мен ғимараттар аталмыш санаттағы жандарға бейімделді, – деді Алтай Сейдірұлы.

Өңірдегі 12,6 мыңнан аса көпбалалы отбасыларға мемлекет тиісті қолдау көрсетіп отыр. Аз қамтылған отбасынан шыққан 12 мың балаға 68 млн. теңге қарастырылған. Демалыспен және сауықтыру жазғы лагерьлерімен  3,5 мың бала қамтылған.

«Жайық үні»  газеті

Рафхат ХАЛЕЛОВтың суреті

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
190 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
416 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
404 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»