8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Ақпан 2019 2907 0
Қоғам

ҚАЗИИТУ-ДАҒЫ ЕРЛІК САБАҒЫ

15 ақпан – Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан елінен шығарылғанына 30 жыл. Осыған орай «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерлік сабағын өткізді.

          Студенттер сарайында өткен салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамин Скаленко, Ауған соғысының ардагерлері Анатолия Боровский, Болат Исеев, Александр Адайгужиев, запастағы офицер Талғат Рахметов, Қазақстан полициясының үздіктері Жамболат Қонақбаев, Ертай Қарағойшиев, Бекембай Насимулин және қаладағы 5517 әскери бөлімінің қызметкерлері қатысып, жас ұрпаққа өнегелі өмір жолдарынан сыр шертті. Жиында «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов студенттерді елін, жерін қорғауға, Отанын сүюге шақыратын мұндай өнегелі кездесулердің қажет екенін айтып, тарихқа шолу жасап, ел басына күн туғанда өліспей, беріспеген батырлардың ерлігін жастарға үлгі етті. Кездесу барысында сол кездегі жас жауынгерлердің Отаны үшін от кешкен күндерін бейнелейтін бейнеқойылымдар ерекше әсер сыйлады. Өз кезегінде  «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ректоры Әліби Баяхов  2018 жылы 23 қазанда Беларуссия ғылым академиясының шақыруымен ғылыми жобалар бойынша Брест қамалына баруға мүмкіндік туғанын жеткізіп,  Брест қамалынан арнайы әкелінген топырақты университеттің музейіне табыс етті.

Шара соңында жиналғандар оқу орны базасындағы «Ерлік» әскери-патриоттық клубының таныстырылымын тамашалады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
29 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
127 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
196 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
235 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»