8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2026 81 0
«Әділет» партиясы

МЕДИЦИНА САЛАСЫН ДАМЫТУ – ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ

«Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Эльмира Сүйеуғазиева мен Гаухар Шайхиниязова «Ақжайық» оңалту орталығының ұжымымен кездесіп, 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды. Басқосуда денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Гаухар Шайхиниязова алдағы бес жылда өңірде жүзеге асырылатын ірі инфрақұрылымдық жобаларға тоқталды.

– Алдағы бес жылда облыс бойынша 3,97 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл ретте тұрғын үй саясатының түрлі тетіктері мен бағдарламалары жүзеге асырылатын болады. Мәселен, апатты деп танылған баспаналарда тұратын 146 азаматқа жаңа үйлердің кілті табысталды. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Облыс үшін өзекті мәселелердің бірі – жол инфрақұрылымы. Бес жыл ішінде 1000 шақырым жолды жаңарту көзделген. Оның ішінде 480 шақырымы ауданаралық, 590 шақырымы облыстық маңызы бар жолдарға тиесілі. Бұған дейін облыстың барлық аудандарына қатынайтын жолдардың құрылысы кезең-кезеңімен аяқталды. Соның ішінде Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарына дейінгі жол мәселесін шешу бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Коммуналдық желілердің тозу деңгейін төмендету де назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда Орал қаласындағы инженерлік желілердің тозу көрсеткіші 59 пайызды құрайды. Алдағы бес жылда оны 53 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар, әсіресе, қаланың ескі бөлігіндегі коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталады.

Цифрлық даму мәселесі де маңызды. Қазіргі уақытта облыстың 29 ауылында ұялы байланыс жоқ. Алдағы кезеңде байланыс операторларымен бірлесіп, осы елді мекендердегі мәселені шешудің тиімді жолдары қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылады. Білім беру саласында да жаңа мектептер салу жоспарланған. Жалпы, облыста 9300 оқушыға арналған мектеп құрылысы жүргізіліп, үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге және жаңадан бой көтеріп жатқан шағын аудандардың қажеттілігін қамтамасыз етуге басымдық беріледі, – деді Гаухар Шайхиниязова.

Ал Эльмира Сүйеуғазиева денсаулық сақтау саласындағы нақты жобаларға тоқталып, өңірдің медициналық инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жоспарлармен бөлісті.

– Партияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары қорғалатын, экономикасы дамыған, тұрақты мемлекет қалыптастыру. Осы бағытта өнеркәсіпті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді шешу маңызды. Біз сайлауалды бағдарлама аясында көтерілген бастамалардың жүзеге асуына ықпал етіп, тұрғындардан түскен ұсыныстарды тиісті деңгейде жеткізуге күш саламыз.

Денсаулық сақтау саласына келсек, алдағы бес жылда облыста бірқатар ірі медициналық нысан бой көтереді. Соның бірі – 550 орындық көпбейінді облыстық аурухана. Оның құрамында кардиологиялық орталық пен тері-венерологиялық диспансер де болады.

Сонымен қатар қала халқының саны жыл сайын артып келе жатқандықтан, медициналық ұйымдарға түсетін жүктеме де көбейіп отыр. Қазіргі алты емхананың мүмкіндігі тұрғындардың сұранысын толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Осыған байланысты жетінші қалалық емхананың құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұдан бөлек, №1 емхананың ғимаратына қосымша құрылыс салу көзделіп отыр.

Облыстық аурухана маңындағы ескі ғимаратта орналасқан патологоанатомиялық бюро да жаңадан салынады. Жедел жәрдем станциясын жаңғырту жұмыстары да қолға алынған. Мұның барлығы медициналық қызметтің сапасын арттырып, тұрғындардың қажетті медициналық көмекті уақытылы алуына мүмкіндік береді, – деді Эльмира Сүйеуғазиева.

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Штаб өкілдері көтерілген бастамаларды назарға алып, оларды тиісті орындарға жеткізу және шешу бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, өңірдің әлеуметтік дамуы мен денсаулық сақтау саласының алдағы міндеттерін талқылауға мүмкіндік берді.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
Жолда жүру қағидаларын бұзған
24 Қараша 2026
186 0
Заң және тәртіп
50-ге жуық заңсыз қоқыс орнын анықтады
24 Қараша 2026
186 0
Заң және тәртіп
Заңсыз граффитиге қарсы жұмыс жалғасуда
24 Қараша 2026
181 0
Заң және тәртіп
«Ұрлығы көп» күдікті…
24 Қараша 2026
181 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа автобустар жолға шықты
24 Қараша 2026
196 0
Инфрақұрылым
Үш ірі жоба жүзеге асты
24 Қараша 2026
176 0
Мезгіл мәселесі
Қысқа дайынбыз ба?
24 Қараша 2026
187 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
23 Қараша 2026
228 0
«Әділет» партиясы
ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
21 Қараша 2026
315 0
«Әділет» партиясы
АМАНГЕЛДІЛІКТЕР ЖОЛ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
20 Қараша 2026
365 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»