ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ ҚОЛДАУ, САПА МЕН ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
«Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері әлеуметтік супермаркет ұжымымен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстыру.
Кездесуде облыстық сайлауалды штаб мүшесі Азамат Сафималиев қызметкерлермен ашық пікір алмасып, өңірдің даму перспективаларына тоқталды. Әсіресе, азық-түлік бағасының тұрақтылығы, өнім сапасы, отандық өндірушілерді қолдау және жергілікті өнімнің саудадағы үлесін арттыру мәселелеріне назар аударылды.
– Бұл мәселелердің әрқайсысы тұрғындардың күнделікті тұрмысымен тікелей байланысты. Өйткені азық-түлік бағасының қолжетімді болуы, сапалы тауардың сауда орындарында тұрақты ұсынылуы – отбасы бюджетіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Ал отандық өнімге сұраныстың артуы жергілікті кәсіпорындардың дамуына, өндіріс көлемінің ұлғаюына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді,-деген спикер өңірлік сайлауалды бағдарламасында экономиканы әртараптандыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін арттыруға ерекше мән берілгенін де атап өтті.
Мәселен, бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін шағын және орта бизнесті қолдауға, несиелерді субсидиялауға және жаңа бизнес-идеяларға арналған гранттарға 14,6 млрд теңге қарастыру көзделген. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенде 133 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Салаға тартылатын инвестиция көлемін жылына 70 млрд теңгеге дейін жеткізу межеленген.
Ауыл шаруашылығын дамытуда өнімді тек өндірумен шектелмей, оны жергілікті жерде өңдеу, сақтау және тұтынушыға жеткізу тізбегін жетілдіру де маңызды. Бұл бағытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктері де сөз болды. Кездесуде өңір экономикасының дамуы халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар жүруі қажеттігі де айтылды. Партия бағдарламасында 2031 жылға дейін 19,7 мың субсидияланатын жұмыс орнын құру, кәсіпкерлікті қолдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру міндеттері белгіленген.
Жиын соңында супермаркет жұмысшылары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері олардың сауалдарына жауап беріп, тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен ашық диалог орнатудың маңызын атады.
Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУАЛДЫҚ ШТАБЫ АГИТАЦИЯЛЫҚ НАУҚАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
МЕДИЦИНА САЛАСЫН ДАМЫТУ – ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ
ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ ҚОЛДАУ, САПА МЕН ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Выборы завершают обновление представительной власти на всех уровнях.
АЭС құрылысы аяқталғаннан кейін станцияны іске қосу неге ұзақ уақыт алады?
Конституция – кәсіпкерлік еркіндігі мен экономикалық дамудың құқықтық негізі
«Әділет» партиясы облыстық сайлауалды штабының өкілдері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ БҚО филиалының қызметкерлерімен кездесті.
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ АДАЛ БӘСЕКЕ – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ

Кіру





