Жол ережесін бұзған жүргізуші жазаланды
БҚО ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Орал қаласының көшелеріне жүргізілген мониторинг барысында 18 қараша күні күндізгі уақытта Skoda маркалы автокөлік жүргізушісінің жолда жүру қағидаларын бұзғаны белгілі болды.
Атап айтқанда, жүргізуші Н.Назарбаев даңғылы мен Ж. Молдағалиев көшелерінің қиылысында бағдаршамның дәл астына жаяу жүргіншілер өткелінің қақ үстіне тоқтап, жолаушыларды көліктен түсіре бастаған. Осы сәтте жаяу адамдардың өтуі үшін бағдаршамның жасыл жарығы жанып, көліктің жаяу адамдардың жолында тұруынан мәселе туындаған.
Аталған дерек бойынша Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік жүргізушісін тоқтатып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізушіге жол қозғалысы қағидаларын бұзудың қауіптілігі түсіндірілді. Құқық бұзушылық жасағаны үшін жүргізуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Конституция – кәсіпкерлік еркіндігі мен экономикалық дамудың құқықтық негізі
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ АДАЛ БӘСЕКЕ – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ
ЕГІНДІКӨЛДІКТЕР ЖОЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МӘСЕЛЕСІН ҚОЗҒАДЫ
Конституция және жергілікті басқару: халық мүддесіне бағытталған шешімдер
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі

Кіру