«Ұрлығы көп» күдікті…
Орал қаласында бірнеше супермаркеттен косметикалық және азық-түлік тауарларын ұрлады деген күдікпен 44 жастағы тұрғын ұсталды. Жақында қаладағы базар маңында орналасқан супермаркеттердің бірінде ұрлық дерегі тіркелген болатын.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам дүкен сөрелерінде еркін сатылымда тұрған тауарларды байқатпай алып шығуды әдетке айналдырған. Алғашқы жағдайда ол Head & Shoulders және Elseve шампуньдарын курткасының қалталарына жасырып, дүкеннен еш кедергісіз шығып кеткен. Кейін сол супермаркетке қайта оралып, дәл осындай тәсілмен Merci шоколадтарын ұрлаған. Жалпы, аталған дүкеннен 11 флакон шампунь мен 14 қорап шоколад жымқырған.
Бірнеше күннен кейін күдікті базар маңындағы тағы бір супермаркетке барып, 8 қорап Merci шоколадын ұрлаған. Араға бір-екі күн салып, келесі сауда орнына кіріп, сөрелерде тұрған 10 құты Old Spice дезодорантын қолды еткен. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Конституция – кәсіпкерлік еркіндігі мен экономикалық дамудың құқықтық негізі
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ АДАЛ БӘСЕКЕ – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ
ЕГІНДІКӨЛДІКТЕР ЖОЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МӘСЕЛЕСІН ҚОЗҒАДЫ
Конституция және жергілікті басқару: халық мүддесіне бағытталған шешімдер
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі

Кіру