8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қараша 2026 78 0
Заң және тәртіп

КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ АДАЛ БӘСЕКЕ – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ

Кәсіпкерлік саласында баршаға бірдей мүмкіндік жасау, бәсекелестік талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – әділ бизнес ортаны қалыптастырудың негізгі шарттары. Осы мәселелер Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде талқыланды.

Іс-шара қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру аясында ұйымдастырылды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д. Хаиров, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаментінің басшылығы, облыстық Әділет департаментінің өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д. Хаиров кәсіпкерлік саласындағы ашықтық пен адалдық қағидаттарына тоқталып, заң талаптарын сақтау мен мүдделер қақтығысына жол бермеудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және барлығына тең жағдай жасау әділ бизнес ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Кездесуде бәсекелестік заңнамасының талаптары, картельдік келісімдер мен үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілік мәселелері де қаралды. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдауды бөлу кезіндегі әділдік және тауар белгілерін құқықтық қорғау тақырыптары талқыланды.

Кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, саладағы құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесу барысында көтерілген тақырыптар кәсіпкерлік қызметте заң талаптарын сақтау, адал бәсекелестікті дамыту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерінің өзектілігін көрсетті.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
АМАНГЕЛДІЛІКТЕР ЖОЛ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
20 Қараша 2026
72 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
19 Қараша 2026
118 0
«Әділет» партиясы
АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛА ТҮСУДЕ
19 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛ БОЛАШАҒЫ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРАҚТАУЫНДА
18 Қараша 2026
153 0
«Әділет» партиясы
«ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
17 Қараша 2026
201 0
«Әділет» партиясы
ӨҢІРДЕ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА
17 Қараша 2026
193 0
Заң және тәртіп
Тоқаев жүйелі тәртіпті жасауға кірісті
13 Қараша 2026
312 0
«Әділет» партиясы
ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
12 Қараша 2026
367 0
«Әділет» партиясы
БИЗНЕС ДАМУЫ – ӨҢІР ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ
11 Қараша 2026
397 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»