«Қазақ тілін ғылым және IT технологиялар тіліне айналдыру – мемлекеттік тіл саясатын дамытудың маңызды стратегиялық бағыты» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2026 жылдың 19 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Халықаралық Қазақ тілі қоғамының БҚО филиалы мен Батыс Қазақстан мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайындағы баяндамасыда айтылған тұжырымдарды талдау мақсатында «Қазақ тілін ғылым және IT технологиялар тіліне айналдыру – мемлекеттік тіл саясатын дамытудың маңызды стратегиялық бағыты» дөңгелек үстел өткізді.
Басқосудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында айтылған маңызды тұжырымдары мен стратегиялық міндеттерді талқылау, сондай-ақ қазақ тілінің ғылым, білім, цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған тұжымдар бойынша атқарылатын іс-шараларға тоқталу.
Дөңгелек үстел жұмысына Батыс Қазақстан облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының орынбасары Габдушев Тілек Александрұлы, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының БҚО филиалының төрағасы Ақболатов Айдарбек Ахметұлы, сондай-ақ тіл саласының мамандары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, IT саласының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғам бірлестіктер және студент жастар қатысты.
Соңғы жаңалықтар
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ АДАЛ БӘСЕКЕ – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ
ЕГІНДІКӨЛДІКТЕР ЖОЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МӘСЕЛЕСІН ҚОЗҒАДЫ
Конституция және жергілікті басқару: халық мүддесіне бағытталған шешімдер
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі
Қарашығанақ кен орнында өндірістік қуаттарды кеңейту жөніндегі ауқымды жоба аяқталды
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда АЭС құрылысы аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарлануда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ
Жастар және жаңа Конституция: болашаққа бағытталған мүмкіндіктер
«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті

Кіру

