ЕГІНДІКӨЛДІКТЕР ЖОЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МӘСЕЛЕСІН ҚОЗҒАДЫ
Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері Азамат Сафималиев, Динар Хамиев және Ербол Салықов ауылдың негізгі мәселелерін, даму бағыттарын бірге талқылады. Ашық жүздесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары баяндалып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басымдықтарға ерекше назар аударылды.
– Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл — негізінен егін мен мал шаруашылығын қатар өрістетіп отырған, еңбекпен өсіп келе жатқан ауылдардың бірі. Ауылдық округте кәсіпкерлікті өркендету, халықты жұмыспен қамту және инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту бағытында нақты істер атқарылуда. Мәселен, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы кооперативіне жеңілдетілген несие беріліп, шаруашылыққа қажетті техника сатып алынған. Бұл ауыл еңбеккерлерінің жұмысын жеңілдетіп, өндіріс тиімділігін арттыруға септігін тигізетін маңызды қадам. Сонымен қатар ауылда электр желілерін жаңарту жұмыстары да қолға алынған, бұл тұрғындардың тұрмыс сапасы мен электр қуатымен қамтылу тұрақтылығына оң әсер ететін бағыт. Бұл бағыттар партия бағдарламасымен үндес,-деді спикерлер.
Кездесуде тұрғындар жолдардың жағдайын жақсарту, жаңа медициналық пункт пен мектеп салу қажеттігін көтерді. Бұл ұсыныстар ауылдың қазіргі әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі күшейтудің, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына жағдай жасаудың, сондай-ақ медициналық көмектің ауыл тұрғындарына барынша жақын әрі қолжетімді болуының қаншалықты өзекті екенін көрсетті. Кездесу барысында тұрғындар мен сайлауалды штаб өкілдері арасында шынайы пікір алмасу өтті. Ауылдықтар бар түйткілдерді ашық айтумен қатар, ел игілігі жолындағы оң бастамаларға қолдау білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Соңғы жаңалықтар
Конституция және жергілікті басқару: халық мүддесіне бағытталған шешімдер
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі
Қарашығанақ кен орнында өндірістік қуаттарды кеңейту жөніндегі ауқымды жоба аяқталды
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда АЭС құрылысы аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарлануда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ
Жастар және жаңа Конституция: болашаққа бағытталған мүмкіндіктер
«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті
За десять лет производство электроэнергии из ВИЭ в Казахстане выросло более чем в 16 раз
Конституция және қоғамдық келісім: тұрақтылықтың негізі – бірлік пен өзара құрмет
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ

Кіру







