8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2019 3543 0
Жалын

ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі саналады. Осы бағытта студенттердің ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші, басқарушы, практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағыттауға «Техникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары үлестерін қосуда. 

Кәсіби пәнді терең меңгеруге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдеу бағытында  «Техникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымының магистрі Алмажай Иманғалиеваның еңбегі ерен.   Студенттің бойындағы таланттың жаңғыра түсуіне зор үлес қосып, шығармашылық шыңдалуы жолында тынбай еңбек етіп, жетекшілік еткені үшін ол «Алғыс хатпен» марапатталды.  Алмажай Нұржанқызының жетекшілігімен  биылғы оқу жылында «Мұрагер» интеллектуалды  білім порталы ұйымдастырған Республикалық қашықтықтан өткізілген «Ғылыми жоба» байқауында РЭТ мамандығының студенті  Айдана Искакова жүлделі ІІІ орынды иеленіп,  дипломмен  марапатталды.

Жастардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, ғылыми-практикалық конферецияға ғылыми жобаны дайындауға жетекшілік еткен жастарды ғылыми еңбекке, ізденіске, шығармашылыққа үйретіп жүрген «НОО сфера» студенттер технопаркінің басшысы Шаймардан Шоңыраев «Алғыс  хатпен» марапатталса, ұстаздың жетекшілігімен 2018-2019 оқу жылының желтоқсан  айында «Мұрагер» интеллектуалды  білім порталы ұйымдастырған Республикалық қашықтықтан өткізілген «Ғылыми жоба» байқауына қатысып, РЭТ мамандығының студенті Мұрат Асқаров жүлделі І орын иеленген. Ал шәкірті Алмас Өтепов жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Өткен  жылдың қараша айының 13-27 күндері аралығында «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Үздік ғылыми жоба» байқауына қатысқан Алмас Өтепов пен Мұрат Асқаров бас жүлдені қанжығаласа,  Оралбек Есболов  І  орынға лайық болды.

А.ИМАНҒАЛИЕВА, «Техникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»