«ЖЕТІСТІККЕ БАСТАЙТЫН ЖЕТІ ҚАДАМ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Бүгін Батыс Қазақстан облысында Жастар жылының ашылуына арналған басқосу өтті.

Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов, «Болашақ» халықаралық стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов және әр түрлі санаттағы облысымыздың жастары қатысты.
Спикерлер жастарды қолдау мақсатында атқарылатын жұмыстар мен қолға алынған бағдарламалар туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Кублей» ЖШС жобалар бойынша директорының орныбасары Зәуре Берекешова, «Достар Стом» стоматологиялық клиникасының директоры Самат Ихласов, жас кәсіпкер Марат Әлжанов, ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің инновация және жұмысқа орналастыру бөлімінің маманы Айя Бөлекбаева өз жобаларын ұсынды.

Жастар алаңы басқосуы – жастарды қолдау және ел өміріне белсенді қатысуға шабыттандыру, жас буын өкілдерін жан-жақты дамытудың табысты үлгісі ретінде «Жетістікке бастайтын жеті қадам» атты жастар жылында жүзеге асырылатын бағдарламалық құжаттың таныстырылымымен айшықталды. Құжат «Ой-сананың ашықтығы», «Құндылық бағдар», «Өзіңді жақсы қырыңнан таныту», «Өнімді бастама – жетістік кепілі», «Жастар кәсіпкерлігі – ел экономикасын арттырудың жаңа тренді», «Жаңа технологиялар – өмірді жеңілдетеді», «Волонтерлық – қайырымдылық саласында ғана емес» атты жеті қадамнан тұрады.

Сонымен қатар шара аясында «Жастарға арналған 101 идея» краудсорсинг платформасында ұсынылған «Жақсылық жаса» атты жастар марафоны бастау алды.
ЭльмираНҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу