8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қазан 2026 68 0
ЭКСЖ жобасы аясында

Оралда 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

«Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Орал қаласында 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда.Солардың бірі – Орал қаласының Зачаганск кентіндегі КНС-29 кәріздік сорғы станциясын реконструкциялау жобасы.

Жобаның негізгі мақсаты – кенттің су бұру жүйесінің тиімділігін арттыру, инженерлік инфрақұрылымның сенімділігін қамтамасыз ету және қосымша абоненттерді кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік жасау.

Нысанның жалпы сметалық құны 1,8 млрд теңгені құрайды. Жоба бойынша құрылыс жұмыстарының мерзімі – 13 ай. Мердігер ұйым – «KCG» ЖШС. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылғы 19 қарашада басталып, 2026 жылғы 19 желтоқсанда аяқталады деп жоспарланған. Бүгінде жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Жобалық мәліметтерге сәйкес, нысанның өнімділігі тәулігіне 14 736 текше метрді құрайды. Сондай-ақ станцияда қуаты 290 кВт болатын Flygt CZ 3240 SA23-146 маркалы үш сорғы агрегатын басқару шкафтары арқылы орнату көзделген. Өнімділігі 24 м³/сағ болатын екі дренаждық сорғы және қуаты 2,2 кВт болатын екі тор-ұсақтағыш орнатылады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Зачаганск кентінің су бұру жүйесінің өткізу қабілеті мен тұрақтылығы артып, тәулігіне 14 700 м³-ге дейінгі ағынды суды тиімді айдауға мүмкіндік туады. Сондай-ақ бұл шешім қосымша абоненттерді кәріз жүйесіне қосуға жағдай жасайды.

Аталған жоба аясында инженерлік желілердің тозу деңгейін 2%-ға, ал апаттылық деңгейін 0,01%-ға төмендету күтілуде. Бұл өз кезегінде су бұру жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттырып, тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ЭКСЖ жобасы аясында
Оралда 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
07 Қазан 2026
68 0
Конституция
Аманатқа қиянат жасамайық
04 Қазан 2026
181 0
Таза Қазақстан
Оралда 200-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды
03 Қазан 2026
219 0
Без рубрики
Әлеуметтік әділеттілік және қамқорлық
03 Қазан 2026
205 0
Өңір жаңалықтары
Сарыкөл ауылдық клубы пайдалануға берілді
02 Қазан 2026
323 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»