8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қыркүйек 2026 57 0
Без рубрики

Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Батыс Қазақстан облысының әскери қызметшілерін жерлеу рәсімдері өтті

Бүгін, 26 қыркүйекте, Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Батыс Қазақстан облысының әскери қызметшілерін жерлеу рәсімдері өтті.

Қаралы жиындарға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Құрылтайының депутаттары Тұрарбек Тілемісов пен Мұратбек Мұхамедиев, БҚО прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, Қарулы Күштердің өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен өңір тұрғындары қатысты.

Қатысушылар қаза тапқан сарбаздардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Отан қорғаушылардың рухына Құран бағышталып, еске алу рәсімдері өткізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, материалдық қолдау және жаназа мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға қажетті жан-жақты көмек көрсетілуде.

Қаржылай көмекті жинақтау үшін бұған дейін арнайы қор белгіленді. Жинақталған қаражаттың барлығы қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге атаулы әрі ашық түрде бағытталады. Бұл жұмыс мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында болады.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, ата-аналары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
135 автоматты жүйе жұмыс істейді
23 Қыркүйек 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
«Дала дәмі» демалыс сайын өтеді
23 Қыркүйек 2026
235 0
Өңір жаңалықтары
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
22 Қыркүйек 2026
246 0
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
273 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
348 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»