ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Орал қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

Сот судьялары 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 217-VI Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын, арбитражды қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық құқықты одан әрі ізгілендіру туралы Заңына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Орал қаласының №2 сотының төрағасы Азамат Борамбаев, Орал қаласының №2 сотының судьялары Алтын Айтуарова, Хатима Ерсенова, БҚО-ның нотариат палатасының төрағасы Найля Елегенова, Орал қаласының прокуратурасының, жеке сот орындаушылар палатасының, адвокаттар алқасының өкілдері сөз сөйледі.
Баяндамашылар түсіндіргендей, заң 2019 жылғы 23 қаңтарда ресми жарияланымдарда жарияланды және олардың бір бөлігі 03.02.2019 күшіне енеді.
Атап өткендей, өзгерістер Азаматтық процессуалдық кодексіне жəне «Нотариат туралы» Заңға енгізілді. Заң нормалары сот жүктемесін санкция бойынша едәуір жеңілдетпек. Осылайша сот құзыретіне 18 санкцияның 2-і қалмақ, олар «сотқа жеткізу» жəне «шығуға тыйым салу» санкциялары.
Банк шоттарына тыйым салу және банк құпиясын құрайтын ақпаратты сұрату прокуратураға тапсырылады. Бұл өзгерістер жарықтандырылған күннен 3 ай өткен соң өз күшіне енеді.
Сонымен қатар, 18 өндірістік бұйрық талаптың 9-ы даусыз талаптар бойынша атқарушылық жазбаларын жасайтын нотариустарға берілді.
12 жеңілдетілген өндіріс санатының 2-уі қалып, 10-ы бұйрық өндірісіне берілді.
Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Мемлекет басшысы 21.01.2019 жылы қол қойған Заң «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу