8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қаңтар 2019 2073 0
Өзек

«БОМБА ҚОЙЫЛҒАНЫН» ХАБАРЛАҒАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

27 қаңтар күні сағат 14.00 шамасында Орал қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының  102 басқару операторына әйел адам хабарласып, Абай полиция бөлімшесіне бомба қойылғаны туралы ақпарат қалдырған.

Оқиға орнына барлық жедел қызмет өкілдері барып, саперлардың тексеріп шыққан. Бірақ, ешқандай жарылғыш табылмады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде БҚО ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалған хабарлама жасаған әйелді анықтап, 1985 жылғы Орал қаласының тұрғынын ұстады.

Ұсталған азаматша қылмыстық процестік кодекстің 128-бабына сәйкес Орал қаласы Полиция басқармасының  уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

БҚО ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған әйел бұған дейін осы сынды қылмыспен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бірақ, нәтиже көрсеткендей, одан сабақ алмаған көрінеді.

Заңға сәйкес мұндай қылмыс жасаған азаматқа 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Не болмаса түзету жұмыстарына тартылуы немесе 5  жылға дейінгі мерзімде бостандығынан шектеу немесе сол мерзімдегі бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

«Жайық үні»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
173 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
363 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
352 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»