«АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНЫҢ» САПАСЫН КӨТЕРУ КЕРЕК»
Облыс әкімдеріне «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалық кеңселердің қызметіне жеке қызығушылық таныту ұсынылды.

Өткен жылдың желтоқсан айында еліміздің барлық өңірлерінде Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» – «Адалдық алаңы» жобалары іске қосылды.
Жобалар мемлекеттік аппараттың жұмыс философиясын қоғамның қажеттіліктері мен үміттеріне максималды түрде бағыттай отырып, өзгертеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен жиналыста ««Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» – «Адалдық алаңы» жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды. Жобаның жарғылары жобалық кеңселердің әкімдіктермен өзара іс-әрекет механизмдерін қамтитындықтан, жергілікті атқарушы органдар бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.
Алик Шпекбаев қаңтар айындағы жобалық кеңселердің жұмыс нәтижелерін тыңдап, жобалық кеңселер мен әкімдіктердің өзара іс-әрекет деңгейін сапалы жаңа деңгейге көтеруді тапсырды.
Жобаларды табысты түрде іске асыру үшін облыс әкімдерінің жеке қызығушылығы керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ, жиналыста өңірлердегі халық үшін басым маңызы бар жобаларды анықтады.
Облыс әкімдерінің орынбасарлары апта сайынғы аппараттық жиналыстарда жобалық кеңселердің қызметіне қатысты мәселелерді қадағалайды және тыңдайтын болады. Өз кезегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері ай сайын кеңселік жобалардың проблемалық аспектілерін қарастырып, олардың шешілуіне үлес қосуы туралы шешім қабылданды.
Бірқатар нақты нұсқаулар берілді.
Еске салайық, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» – «Адалдық алаңы»» жобаларын жүзеге асырудың басты мақсаты – қоғамның санасын трансформациялау және адал емес көріністерге қарсы тұрақты төзбеушілікті қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу