8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қаңтар 2019 3350 0
Жалын

«COLLEGE STARTUP» БИЗНЕС ЖОБА БАЙҚАУЫ

            Оқушылар  және жастар сарайының «Бастау» коворкинг орталығының базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттерді кәсіпкерлік ортаға бейімдеп, шығармашылық  әлеуеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы  «College startup» облыстық бизнес жоба байқауы оздырылды.

dav

«College startup» облыстық бизнес жоба байқауына қазылар алқасы ретінде М.Өтемісов атындағы  БҚМУ, БҚО Кәсіпкерлер палатасының, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының  өкілдері шақырылды.

«College startup» облыстық бизнес жоба байқауының ІІ кезеңіне  20 жоба өтіп, қорғалды.

Байқау барысында арнайы мамандар студенттерге болашақта жобаларын жүзеге асыру жөнінде құнды  кеңестер берді.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес жеңімпаздар облыстық білім басқармасының  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды. І орын – Бөрлі колледжінің студенті А.Сембиева  (жетекшісі С.А. Дьяченко), ІІ орын – Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті А.Елкина (жетекшілері Т.Т. Ахментаева, М.Г. Масагутова), ІІ орынды – Қаратөбе колледжінің  студенті М.Нурманова  (жетекшісі А.А. Гатауова), ІІІ орынды – Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті Н.Галкина (жетекшісі Н.В.Сладкова) мен Республикалық жоғары техникалық колледжінің студенті Қ.Кузанбаев  (жетекшілері А.Е. Беккалиев, Э.А. Мамбеталиева) иеленді.

«Инновациялық жоба»  аталымы бойынша Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің студенті А.Сайлаудың (жетекшілері С.Н. Елешев, Н.Т. Набиуллинов), «Үздік өндірістік жоба» аталымында М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің студенті К.Кабдоловтың (жетекшісі Г.Қ.Есмухамбетова),  «Болашаққа бағдар» аталымында Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенттері  Е.Риздыханов пен Т.Егінбайдың (Г.Т. Каргина), «Агроөнеркәсіп бағытындағы жоба» аталымында Рубежка колледжінің студенті  Д.Бурмантовтың (жетекшісі О.В.Есенбеков), «Үздік жоба» аталымында Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық  колледжінің студенті Б.Жұмағұловтың (жетекшісі Н.Д. Айталипова) жобалары үздік деп танылды.  Қатысушыларға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаты табыс  етілді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
415 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
403 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»