8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қаңтар 2019 2297 0
Жалын

ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ЖАҢАШЫЛ СЕРПІЛІС

Сандуғаш Сағидуллиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты:

– Астана қаласында Елбасының қатысуымен өткен Жастар жылының салтанатты ашылуына орай өткен форумда мемлекет басшысының Үкіметке нақты тапсырмалар бергені барша жасқа қуаныш ұялатқаны айқын. Солардың бірі өнертапқыштардың өрісін кеңейтіп, ғылымға терең бойлағандарға қолдау көрсету. Ол үшін ел қазынасынан жыл сайын 3 млрд теңге бөлінетін болады. Президент өз сөзінде: «Жас ғалымдарға өз идеясын шынайы жобаларға айналдыруда көмектесу керек. Өзім тура осы мәселемен айналысуды көздеп отырмын. Үкіметке осы жұмысты арнайы бақылауға кеңес беремін» деген. Демек, өзім қадам басқан әдебиет ғылымы әлемінде де жас ғалымдарға өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік туды деп ойлаймын.

Дана Абай сонау ХІХ ғасырда  «дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз…» деп елді алға жетелейтін ғылым екендігін өткен ғасырда да  айтқан болатын.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы  бойынша үздік деп танылғандардың көбісі  жас ғалымдар екені көпті қуантары сөзсіз.

Елбасының өз қамқорлығына алған жас ғалымдарға жүктелген міндетті біздер, еліміздің әр өңіріндегі ғылымға аяқ басқан жас буын елімізге табыс көзі боларлық,  әлемдік жаһанға атымызды шығарар жобалармен, тың идеялармен, ғылыми айналымды жаңа жас есімдермен толықтыруымыз керек.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»