БІР КҮНДЕ ЕКІ АПТАЛЫҚ МӨЛШЕРДЕГІ ҚАР ТҮСТІ
Биылғы қыс оралдықтарды айтарлықтай әбігерге салды. Ақ ұлпаның көп түсуіне байланысты «Жайық Таза қала» ЖШС екі ауысымда жұмыс жасауда. Бүгінге дейін қала аумағынан 349 мың 853 текше метр қар шығарылған. Бұл жылдағыдан бес есеге артық. Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев шаһардағы қар тазалау жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Орал қаласының аумағы жыл сайын ұлғайып келеді. Қазір қалаішілік жолдың жалпы ұзындығы 615 шақырым. 100-ден аса әлеуметтік нысан бар. Жолдар мен әлеуметтік нысандарға баратын жолдарды тазалау «Жайық таза қала» ЖШС-ға жүктелген. Серіктестік қар тазалығына 100-ден аса техниканы шығарып, 400-дей жұмысшыны жұмылдыруда.
Миржан Жанғазыұлының мәліметінше, 2016 жылы қыстың дәл осындай мерзімінде қаладан 85, 2017 жылы 42 мың текше метр көлеміндегі ақ ұлпа шығарылған. Ал биыл «кәрі құданың» әлегі қарашадан-ақ басталды. Өткен жылдың 20 қарашасынан бастап «Жайық таза қала» ЖШС 349 мың 853 текше метр қарды шаһар сыртына шығарды.
– 22 қаңтарға қараған түні жауған қар 42 см.-ді құрады. Бұл екі апталық шама. Әрине, тұрғындардан түсіп жатқан шағымдар аз емес. Бірақ, бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға баратын жолдар тазаланады. Қардың жиі әрі мол түсуіне байланысты, тазалық бірер күнге ғана кешіктірілуде. Сондай-ақ «Жайық таза қала» ЖШС-ны меншікке алған мекеме де өз техникаларын қар тазалауға жұмылдыруда, – деді Миржан Жанғазыұлы.
Қала әкімінің тапсырмасына байланысты ПИК-тар да өздеріне тиесілі аумақтардың қары мен шатырдағы сүңгі мұзарды тазалауға кіріскен. Әйткенмен, көптеген ПИК-тардың өз техникалары жоқ. Сондықтан олар басқалардан жалға алуға мәжбүр. Мүмкіндігі болмаған ПИК-тарға әкімдік тарапынан көмек көрсетіліп келеді. Жалпы алғанда қар тазалығының уақытылы жүргізілуі бақылауда.
«Жайық таза қала» ЖШС эксплутация бөлімінің инженері Николай Хоменконың айтуынша, тәулік бойы 10-12 автогрейдер, 100 шақты жүк машинасы, 15-20 тиегіштер қала көшесін қардан арылтуда. Жиналған ұлпа «Асан», Зачаганск кентіндегі «Балауса» карьераларына төгіледі.

Спикерлер қар тазалығына жол бойында қалдырылған көліктердің кедергі келтіретінін тілге тиек етті. Мәселе туындамас үшін күні бұрын әлеуметтік желілер арқылы жол жиегіне көлікті қалдырмау туралы ескертіліп, уақытша белгілер де қойылуда. Әсіресе, М.Мәметова көшесінен М.Ықсанов көшесіне дейінгі Құрманғазы көшесінде және Достық-Дружба даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі М.Мәметова көшесі бойында қалдырылған көліктер көп болады екен. ПИК-тар тарапынан аулаларда ұзақ уақыттан бері тұрған көліктердің қар тазалығына кедергі келтіргені жөнінде де шағымдар аз түспейді. Бұл мәселенің барлығы қалалық ПБ қызметкерлерімен реттелуде. Сондай-ақ қара тазалап жүрген автотізбектерге жол бермейтін көлік иелері де бар. Салдарынан биылдың өзінде арнайы көліктердің қатысуымен 3-4 мәрте жол-көлік жағдайы орын алған.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу