«ПЛАСТИК АВТОТРАНС» ЖШС ҚОЙМАСЫНАН ӨРТ ШЫҚТЫ»
22 қаңтарда «Пластик Автотранс» орталығында кезекті өрт-тактикалық жаттығулары өткізілді. Оның барысында өнеркәсіптік объектілердегі өрттерді сөндіру және эвакуация жоспарына сай ғимараттан адамдарды шығаруды ұйымдастыру бойынша іс-қимылдың өңделгендігі тексерілді.


«Пластик Автотранс» ЖШС қаланың Солтүстік-Шығыс бөлігінде Штыб және Шолохов көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл аумақ темірбетонды плиталармен қоршалған, кіре беріс және бақылау-өткізу пункті арқылы аумаққа кіреді. «Пластик Автотранс» ЖШС аумағында әкімшілік ғимарат, өндірістік цех, пластикалық шеберхана, бос шеберхана, гараж, механикалық шеберхана және сақтау қоймасы бар.
Оқу-жаттығу шарты бойынша 16 сағат 30 минутта «Пластик Автотранс» ЖШС-ның полимер қоймасында өрт шығады, 45 шаршы метрлік аумақта түйіршіктелген полимерлер өртенуде. Өрт сөндіру бөлімшесінің келуіне дейін кәсіпорыннан 20 адам қауіпсіз аймаққа жеткізілді.
Бірнеше минуттардан кейін өрт орнына бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келіп өртті сөндіруге кірісті және өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 3 адамды құтқарды. Бұдан кейін оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері, жедел жәрдем, газ қызметкерлері жетті. Өрт-тактикалық жаттығуына 7 бірлік техника жұмылдырылды.
Шартты өрттегі жұмыс үш бағыт бойынша ұйымдастырылды – бөлмелердегі адамдардың бар-жоғына тексеріс жүргізу, өртті сөндіруді ұйымдастыру, іргелес бөлмелерді қорғауға оқпан берілді. Оқу-жаттығу барысында өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің объект әкімшілігімен және Орал қаласының тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимыл жасауы пысықталды.
Арайлым Ғани, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу