ЖАРҚЫН БЕЙНЕҢ ЖҮРЕГІМІЗДЕ САҚТАЛАР…
Небәрі 56 жыл ғана Ақ Жайықтың жағасында тірлік кешкен ӘЛІБЕК МҰРАТӘЛИЕВтің жарық дүниемен қоштасып, бақилық болғанына 40 күн толып қалыпты. Өмірден өз орнын тапқан, ел-жұртына, айналасына сыйлы, дос-жараны көп азаматтың бірі еді, Әлібек. Сұм ажал елудің белесінен енді аса берген шағында, асқар таудай алпысқа жетпеген шағында арамыздан тым ерте алып кетті. Ағайын-туманың, жанұясы мен бала-шағасының қабырғасына батататыны да осы- аңқылдаған, жарқылдаған Әлібектің «келместің кемесіне мініп» тым ерте кетіп қалғаны.
«Жазмыштан озмыш жоқ». Тура келген ажал, айықтырмаған сырқат Әлібек Ихсанұлының маңдайына осылай жазылыпты. Әркімнің бұл өмірде өз жолы, өз тағдыры бар деген осы шығар. Дегенмен, көңілге медеу болары, Әлібек аз ғұмырында көп іс тындырды. Өзі жайлы жора-жолдастары жоқтап, айта жүретіндей ел қатарлы еңбек етіп, тәтті дәмін татты. Тап келген қиындықтарды да жеңе білді.

ӘЛІБЕК МҰРАТӘЛИЕВ 1962 жылдың 19 ақпанында Бөкейорда ауданының, Бисен ауылы, Жамбыл кеңшарында дүниеге келді. Он жылдық мектепті Бисен Жәнекешов атындағы жалпы білім беретін білім ұясынан өте жақсы бағамен тәмәмдады. Алғаш «Әліппе» ұстатқан алтын ұясы Жәнібек ауданындағы Абай атындағы интернаты, кейін оқыған Бисен Жәнекешов мектебі Әлібектей алғыр, спортқа бейім, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын шәкіртімен мақтанатын. Өйткені, Әлібек кішкентай күнінен есеп шығаруға жүйрік, шахмат пен дойбы, волейбол ойнауға шебер еді. Спорттың барлық түрінен құрбы-құрдастарынан оқ бойы озық тұратын. Аудандық, облыстық слеттер мен жарыстарда алтындай жарқыраған кубоктердің сан түрін мектебіне әкелетін. Ол қатысқан жарыстардың бәрінен бәйгемен оралатын. «Спортшы, волейболшы Әлібек Мұратәлиев» болып аты ауылдан алысқа ерте естілді. Алдыңғы толқын ағаларының соңынан ерген ерке ұл Мұратәлиевтер әулетінің, әкесі Ихсан ағамыздың атын да, даңқың да ерте шығарды. Сөйтіп, үйдің кенжесінен аға-апалары үкілі үміт күтті. Әлібек сол үміт пен зор сенімді ақтай білді.
1982-1987 жылдары Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, қолына үздік диплом алды. Ол кезде шалғай жатқан Қарағанды қаласында бес жыл оқып, білім алу батысқазақстандық жастар үшін үлкен дәреже-тұғын. Соған қарамастан, Әлібек бұл сынақтан да сүрінбей өтті. Сөйтіп, сұңқардай сұңқылдаған жас жігіт аталмыш институтты бітірген бойда Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балалар мектебінде өзінің сүйікті спорт пәнінен сабақ берді. 1989-95 жылдары Орда ауданындағы М.Мәметова орта мектебінде мұғалім, «Қайрат» дене шынықтыру спорт орталығында әдіскер болып қызмет етті.
Одан кейін Орда аудандық ішкі істер бөлімінде өткізу-бақылау пункті жол патрульдік қызметінің МАИ қызметкері, Сайхын ауылында уақытша ұстау изоляторының бастығы болды. 1997-98 жылдары ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті.
1998 жылы облыстық Ішкі істер саласына қайта оралып, БҚО ІІД взвод командирі, 1999-2005 жылдары БҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасында шетелдік азаматтардың заңсыз көші-қонымен күрес жөніндегі аға инспекторы болып, ІІМ майоры атағымен зейнет демалысына шықты.
Қызмет еткен жылдарында көптеген медальдармен, алғыс хаттармен марапатталды. «Қазақстан полициясының 25 жылдығы» медалін алды. Зейнет демалысына шыққанымен түрлі салаларда қызметін жалғастырды. «БТА банк» АҚ экономикалық және аймақтық қауіпсіздік басқармасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бас маман, Орал қаласы «Казвторчермет» АҚ күзет қызметінің бастығы болды. 2009 жылдан бастап жеті жыл Атырау қаласындағы «Қашаған Құрылыс бірлестігі» ЖШС жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша инженер және 2016-2017 жылдары «Eurasia Enginеering Group» ЖШС-да техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер қызметінде жұмыс жасады.
«Ерге лайық ат туады» дегендей, өз атына сай жарқын өмір сүрген Әлібектің аз ғана ғұмырында жеткен жетістіктері көпке үлгі-өнеге бола бермек. Оның бұл өмірде жоқтаушысы да, қолдаушысы да көп. «Тұлпардан тұяқ қалар» демекші, соңында ізін жалғар Марат пен Мирас атты қос ұлы қалды. Шаңырағын шалқытар зайыбы Гүлнәр Хамидоллақызы және аға-жеңгелері, бауырлары, жақын-жұрағаттары, тума-туыстары, құда-құдағайлары, жан достары, көршілері, іні-қарындастары, жерлестері тұрғанда Әлібектей азаматтың жарқын бейнесі ешуақытта көңілден суымақ емес.
Сені ойласақ, көңілде шер-мұң қалар.
Сағынғанда көзімізден жас тамар…
Жатқан жерің жұмақ болсын, Әлібекжан
Жарқын бейнең жүрегімізде сақталар!
Еске алушылар: ИХСАНОВТАР әулеті.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру
Пікір үстеу