«Ауыл құтқарушысы»: БҚО-да 16 өрт сөндіру бекеті салынады
Бүгін аймақ басшысының орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 2025–2026 жылдардағы қысқы кезеңнің қорытындылары, өрт қауіпсіздігі шаралары, суға шомылу маусымына дайындық және «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.
Қысқы кезеңде өңірде қолайсыз ауа райына байланысты 52 рет жол жабылып, 28 рет қозғалысқа шектеу енгізілді. Мамандар 42 мәрте апаттық-құтқару жұмыстарына шығып, 41 адамды құтқарып, 92 адамды эвакуациялады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жағдайы да назарға алынды. Былтыр 23 жану дерегі тіркелсе, жыл басталғалы 2 факт анықталып, оқшауланған. Облыстағы 410 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін 26 мемлекеттік бөлімше қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар 46 өрт сөндіру бекеті 161 елді мекенді қорғауға мүмкіндік береді. 2025 жылы «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы аясында 8 бекет ашылды. Биыл тағы 16 жаңа нысан салу жоспарланған.
Шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті күшейту мәселесі де күн тәртібінен түспейді. Осы мақсатта су айдындарының қауіпті учаскелеріне 387 тыйым салу белгісі мен 81 ақпараттық стенд орнатылып, 7 бағыт бойынша күнделікті патрульдеу ұйымдастырылған.
Облыс әкімінің орынбасары алдағы шомылу маусымын қауіпсіз ұйымдастыру, сақтық шаралары бойынша ақпараттық-түсінік жұмыстарын күшейту қажеттігін қаперге салып, нақты міндеттер жүктеді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру