ЖҮРГІЗУШІ ҮШ БАП БОЙЫНША ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
БҚО аумағында «Автобус» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мақсат – жолаушылар мен жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілердің жүру тәртібін арттыру және желіні бақылауды жетілдіру.

Бүгін, яғни жедел алдын алу шарасының бірінші күні полицейлер «Рубеж-Орал» стационарлық бекетінде «Воронеж-Шымкент» бағытында қозғалып бара жатқан «Газель» автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Тоқтату кезінде оның ҚР әкімшілік заңнамасын бұзғаны анықталған. Көлік жүргізушісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің үш бабы, атап айтқанда 572-баптың 2-тармағы (Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы), 593-баптың 3-тармағы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау),590-баптың 10-тармағы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылды. Анықталғандай, жүргізуші Өзбекстан Республикасы азаматтарын алып келе жатқан. Көші-қон заңнамасының бұзылуы болмаған.
Жыл басынан бері облыс аумағында алты жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Ал өткен жылы қоғамдық көліктердің қатысуымен 11 ЖКО орын алып, 7 адам қайтыс болған, 15 адам түрлі жарақат алған. 11 жағдайдың алтауы қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен болған.
Жедел алдын алу шарасы 19 қаңтарға дейін жалғасады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу