ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ХОККЕЙ ЖАРЫСЫНДА
Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызметінің командасында жақсы дәстүрлер бар. Солардың бірі – спорттық ойындардың ұйымдастырылуы. Жыл сайын өрт сөндірушілер түрлі спорт түрлерінен спорттық жарыстарға қатысу арқылы өз күштері мен қабілеттерін шыңдап келеді. Спорттық ойындардың тізіміне жеңіл және ауыр атлетика түрлері, командалық ойындар, өрт сөндіру-құтқару спортының түрлері кіреді.
Өрт сөндірушілер үнемі әдеттен тыс дене тәрбиесі және өздері үшін үнемі жұмыс жасауды көздейді және барлық жарыстарға белсенді қатысады.
Бұл айтқанымыздың айқын үлгісі ағымдағы жылдың 14-17 қаңтар аралығында №4 өрт сөндіру бөлімінде өткен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мен бөлімшелері арасында ұйымдастырылған допты хоккей бойынша турнир. Жарысқа 10 команда қатысты.

Күннің аяздығы да спортшылардың жарысына кедергі бола алмады. Тартысты нағыз хоккей жарысын қыздыра түсті. Спорттық жарыс барлық қатысушылармен қатар мұз жарысының көрермендерін де қызықтырды. Жанкүйерлер ойыншыларға кеңестер беріп, қолдау көрсетті.
Тартысты ойын мен командалық рух көрсеткен келесі командалар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда бірінші орынды – басқару аппараты, екінші орынды №4 өрт бөлімшесі, үшінші орынды №3 Өрт сөндіру бөлімі алды.
Арайлым Ғани, Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-
құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу