8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2026 232 0
Наурыз

Облыс әкімі өңір халқын Көрісу күнімен құттықтады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір халқын Көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 

«Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды әз-Наурыздың басы саналатын берекелі мейрам – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ағайынның бір-бірімен арқа-жарқа қауышатын, аман-саулық сұрасатын, елдің елдігі мен бірлігін танытатын тағылымды мейрам. Осы күні адамдар өзара кешірісіп, ниеттің ақтығын, пейілдігін кеңдігін көрсетеді. Бабадан жеткен бағзы дәстүр – үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің, бауырмалдық пен мейірімділіктің нышаны.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен үш жыл бұрын Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – «Наурызнама» онкүндігі енгізілді. Оның аясында ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, бүгініміз бен болашағымыз үшін маңызды қағидаттарға назар аударылды. Президенттің тікелей қолдауымен Көрісу күні жалпыұлттық сипат алып келеді.

Ардақты ағайын!

Осы бірегей дәстүріміз ырысты ынтымағымыз бен берекелі бірлігімізді нығайта берсін! Әр шаңырақ шаттық пен мол игілікке кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айдан аман, жылдан есен болып, Амалдан Амалға жете берейік!»,- деді Нариман Төреғалиев.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
62 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
223 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
274 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
446 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»