8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2026 322 0
Медицина

Батысқазақстандық онколог жоғары марапатқа ие болды

Алматы қаласында онкология, радиология және ядролық медицина саласындағы жетекші мамандарды жинаған X Халықаралық онкологтар мен радиологтар съезі өз жұмысын бастады.

 

Ауқымды ғылыми-тәжірибелік жиынға Қазақстан мен шетелден келген ғалымдар мен дәрігерлер қатысуда.

Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина саласының үздік мамандарын марапаттады. Солардың ішінде Тайман Төлеуғалиұлы Аманов – облыстық онкологиялық диспансердің онкохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгімен марапатталды.

 

Бұл жоғары марапат – Тайман Төлеуғалиұлының онкология саласының дамуына қосқан елеулі үлесінің, кәсіби шеберлігі мен көп жылғы жемісті еңбегінің айқын дәлелі. Оның тәжірибесі мен білімі көптеген науқастың өмірін сақтап қалуға, сондай-ақ отандық онкологияның сапалы дамуына зор үлес қосып келеді.

Өңірдің денсаулық сақтау саласы атынан Тайман Төлеуғалиұлы Амановты шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, кәсіби қызметінде жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз!

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
43 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
217 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
269 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»