8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2026 368 0
Оқиға

200 – ден астам патрон табылды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің бірінің автокөлігіне жүргізілген тінту кезінде травматикалық тапанша, ішінде алты травматикалық патроны бар оқжатар, аэрозольді тапанша, сондай-ақ 200-ден астам патрон тәркіленді.
Сонымен қатар екінші күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында патрондар табылып, тәркіленді.
Тағы бір азаматтың тұрғылықты жерінен шолақ мылтық тәркіленді. Аталған қару атуға жарамды деп танылды.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Полиция қызметкерлері аталған іс-шара аясында құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу шарасын жалғастырады.
БҚО ПД баспасөз қызметі.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
46 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
218 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
270 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»