Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды
Депутаттың айтуынша, жаңа Конституция жобасына деген қызығушылықты ол өңірлердегі тұрғындармен кездесулер барысында байқаған.
Елімізде «Халықтық Конституция қарапайым сөздермен» деп аталатын цифрлық платформа іске қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жобаны «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі таныстырды. Бұл – Қазақстан Республикасы Конституциясындағы өзгерістерді түсінуге және негізгі заңның әртүрлі редакцияларын салыстыруға көмектесетін чат-боты бар AI-сервис.
Депутаттың айтуынша, жаңа Конституция жобасына деген қызығушылықты ол өңірлердегі тұрғындармен кездесулер барысында байқаған. Жаңа Конституцияны қолдауға бағытталған Жалпыұлттық коалиция құрамында ол Жамбыл облысы мен еліміздің басқа да бірқатар аймағын аралаған. Сол кездесулерде тұрғындар құжаттың олардың өміріне, жұмысына және өздері тұратын қала мен ауылдардың дамуына қалай әсер ететіні туралы сұрақтар қойып, белсенді түрде пікір білдірген.
«Жаңа Негізгі заң – біздің кім екенімізді, қандай қоғам құрып жатқанымызды, қандай құндылықтарды қорғап, балаларымызға қандай болашақ қалдырғымыз келетінін айқындайтын негізгі құжат. Сондықтан жаңа Конституция әрбір азаматқа, әрбір отбасыға, әрбір қала мен ауылға тікелей қатысты. Ал азаматтарға қарапайым, түсінікті әрі нақты жауаптар қажет», – деді Әбутәліп Мүтәлі.
Чат-бот мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://halykconst.kz/chat
Платформа енгізілген түзетулерді талдау және оларды ұғынықты етіп түсіндіру үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланады. Нақты уақыт режимінде әрбір азамат еркін түрде сұрақ қойып, баптардағы нақты өзгерістерді көріп, олардың мазмұнына қатысты жан-жақты түсіндірме ала алады.
Сонымен қатар сервисте AI-көмекші бар. Ол азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік құрылым қағидаттары және негізгі түзетулер туралы пайдаланушылардың сұрақтарына жауап береді.
Чат-бот арқылы кез келген адам жаңа Конституция жобасындағы өзгерістермен танысып, олардың жастарға, мұғалімдерге, дәрігерлерге, кәсіпорын қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, отбасыларға және аға буын өкілдеріне қандай мүмкіндік беретінін біле алады.
Жобаны әзірлеушілер платформаның басты мақсаты – Конституция мазмұнын кең аудитория үшін түсінікті әрі қолжетімді ету екенін жеткізді. AI-сервис Жалпыұлттық коалицияның ресми сайтында орналастырылады. Ол Негізгі заңды зерделеуге, ұсынылып отырған өзгерістерді талқылауға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған ыңғайлы құралға айналады деп күтілуде.
Енді Конституцияны оқып түсіну бұрынғыдан да оңай әрі көрнекі бола түсті.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру