Ветеринариялық пункттерді қызметтік ғимараттармен қамту
Облыс бойынша 13 ветеринарлық станция және ауылдық округтерде 147 ветеринарлық пункт қызмет етеді.
Күні бүгінге 147 ветеринарлық пункттің 34-і ғимараттармен қамтылған, қалған 113 ветпунктке ауылдық округтер әкімшіліктерінде бөлме берілген.
Ветеринария саласына ағымдағы жылы 576 млн теңге қаржы қарастырылып, жаңа 1 ветеринариялық станция (Ақсай қ.) және 29 ветеринариялық пункттер ашу жоспарланса, бүгінгі күні 15 жаңа ветеринариялық пункт іске қосылды (Бәйтерек-2, Сырым-2, Тасқала-3, Теректі-5, Шыңғырлау-3).
Анықтамалы: 2024 жылы Жол картасына сәйкес 24 ветеринариялық пункт салу жоспарланды, соның жалпы құны 60 млн.теңге қаражатқа 4 жаңа ветеринариялық пункт (Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылы, Қаратөбе ауданы Егіндікөл және Қоржын ауылдары, Теректі ауданы Аңқаты ауылы) салынды.
Қызметтік автокөліктермен қамту бойынша
Облыста ветеринариялық станциялардың автокөліктерін жаңғырту мәселесі табысты шешімін табуда. Ветеринариялық станциялардың 2013 жылы республика тарапынан берілген автокөліктердің әбден тозығы жеткен болатын. Сондықтан 2023-2024 жылдары жергілікті ветеринариялық ұйымдарға құны 465,5 млн. теңге құрайтын 43 бірлік автокөлік сатып алынды. Ағымдағы жылы ветеринариялық ұйымдарға 827 млн.теңге қаражат бөлініп, жоғары өтімді, қажетті ветеринариялық құрал-жабдықтармен толықтырылған 106 бірлік қызметтік автокөліктер сатып алынып, ветеринар мамандарымызға табысталды. Соңғы екі жылда жергілікті бюджет есебінен 1,3 млрд теңгеге 149 жаңа автокөліктер сатып алынды. Қазіргі уақытта ветеринарлық станция автокөліктері толықтай жаңартылды.
Сібір жарасы көмінділері бойынша
Батыс Қазақстан облысы бойынша 222 сібір жарасы ошақтары тіркелген, оның ішінде 87 көмінді аудандық әкімдіктердің теңгерімінде, 135 көмінді аудандық ветеринариялық станциялардың теңгерімінде.
Қазіргі таңда облыс бойынша барлық 222 (Ақжайық-26, Бәйтерек-19, Бөкейордасы-1, Бөрлі-31, Жәнібек-14, Казталов-22, Сырым-34, Тасқала-14, Теректі-39, Шыңғырлау-15, Қаратөбе-4, Орал-3) сібір көмінділері толық цемент-бетонды материалмен қоршалды.
Ағымдағы жылы сібір көмінділерін қоршап жөндеу жұмыстарына 15 875,0 мың теңге қаражат (Бөкейордасы, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Тасқала, Шыңғырлау) бөлінді.
Анықтамалы: 2024 жылы 125 сібір жарасы көмінділері жөнделді, жергілікті бюджеттен 33,8 млн.теңге қаржы бөлінді.
Мал қорымдары
Облыс көлемінде 260 мал қорымдары тіркелген, соның ішінде 62 типтік үлгіде (биотермиялық) 198 мал қорымы шаруашылық тәсілмен салынған болып есептеледі. Олардың 191 мал қорымына жер актілері жасақталып, Жер кадастрінің автоматтандырылған-ақпараттық жүйесіне енгізілген.
Облысымыздың эпизотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 29 жаңа мал көмінділеріорынын салу жоспарланып, бүгінде оның 8-інің құрылысы аяқталды (Казталов – 2, Бәйтерек-2, Тасқала-2, Шыңғырлау-2).
Анықтамалы: 2024 жылы 5 мал қорымы: Бөкей ордасы ауданы – 2 (Бисен, Ұялы- 68 млн.тг.), Бәйтерек ауданы – 2 (Дариян, Железнов ауылдарында, 48 млн.тг.) және Шыңғырлау ауылында 1 типтік (38 млн.тг.) мал қорымы қолданысқа берілді.
Мал сою пункті бойынша:
Облыста 37 мал сою ұйымдары жұмыс жасайды, с.і. 4 ет өңдеу кәсіпорындары, 19 мал сою пункттері, 14 мал сою алаңдары бар.
Олардың 8–ы (2 ет өңдеу кәсіпорыны, 5 мал сою пункті және 1 мал сою алаңы) облыс орталығында орналасқан, аудандарда 2 ет өңдеу кәсіпорыны, 14 мал сою пункттері мен 13мал сою алаңдары қызмет көрсетеді.
Тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін облыста жаңа мал сою ұйымдарының құрылысын салу жеке инвестицияларды тарту арқылы және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау арқылы жүргізу көзделген.
2025-2027 жылдарға облыста 11 мал сою пункттерін қолданысқа енгізу жоспарланған, ағымдағы жыл басынан 5 жаңа мал сою пункттері және 1 мал сою алаңы қолданысқа енгізілді (Жаңақала ауданы Сүгірәлі аулы-1,Маштексай ауылы-1, Мендешов а/о, Жолқұдық ауылы-1, Көпжасар ауылы-1, Орал қаласы-1, Круглоозерный ауылы-1).
Бірдейлендіру іс-шаралары бойынша
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру шаралары аясында 2025 жылы басқармамен бірдейлендіру жұмыстарын жүргізуге қажетті 344 491 дана мүйізді ірі қара және 588 дана түйеге , 918 943 дана ұсақ мал мен 21 901 дана шошқаға арналған сырға бұйымдары сатып алынды.
Қазіргі таңда басқармада 585 987 дана МІҚ, 1 705 818 дана ҰМҚ, 34 408 дана шошқа және 960 дана түйе малдарына арналған құлақ сырғаларының қоры бар. Жергілікті ветеринариялық станциялар бірдейлендіруге қажетті сырға бұйымдарымен толықтай қамтылды.
2025 жылға 335 210 бас ірі қара, 517 624 бас қой-ешкі, 284 бас түйе, 14 500 бас шошқа және 58 045 бас жылқы малдарын бірдейлендіру жоспарланды. Жоспарға сай қазіргі таңда 311 144 бас МІҚ, 483 380 бас ҰМҚ, 297 бас түйе, 14 208 бас шошқа және 69 057 бас жылқы (соның 61 604 бас чиптеу тәсілімен, 7 453 бас таңбалау тәсілімен) бірдейлендіріліп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізілді.
Қаңғыбас жануарларды аулау, уақытша ұстау, жансыздандыру және иозарарсыздандыру жұмыстары
2025 жылға қаңғыбас иттерді аулау және биостерилизациялау жұмыстарына облыстық бюджеттен 73,3 млн. теңге қаражат бөлініп, жыл басынан 6520 қаңғыбас жануар ауланып, оның 3180–і биозарарсыздандырудан өткізіліп кері мекендеу ортасына жіберілсе, қалған 3340қаңғыбас ит тұрғындардың өтініштері негізінде жансыдандырылды. Бүгінгі күнге үй жануарларын тіркеу дерекқорында 27 642 үй жануары тіркелсе, соның ішінде 6 545 иесі бар жануарларға чип салынып, есепке алынды.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру