«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл»
Бүгін, осындай атаумен «Атамекен» өнер ордасында мерекелік шара өтті. Алдымен, фоеде түрлі ұлт өкілдерінің «Бірлік мұрасы» атты көрмесі жасақталды. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нариман Төреғалиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Алдымен ауқымды басқосуда өңір басшысы бұл мерекенің тек Ассамблеяның ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның ортақ жемісі екенін атап өтті. – Қазақстан халқы Ассамблеясы үш онжылдық ішінде елдің татулығын нығайтып, ынтымағын арттырып, бейбітшіліктің биік тұғырына айналды. Оның басты қағидаттары – бірлік, келісім және өзара құрмет. Ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау – барша адамның ортақ міндеті. Сондықтан Ассамблея өз миссиясын жалғастырып, алдағы уақытта да қоғамда татулықты тірек етуді жалғастыра бермек.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның 34-сессиясында Ассамблеяның ұлттық бірлікті нығайтатынын атап өтіп, оның еліміздегі маңызы мен стратегиялық рөлін айқындап берді. Ішкі саясаттағы басты бағыт эносаралық қарым-қатынастың үйлесімділігін дамыту, қоғамда келісім мен толеранттылықты дәріптеу, азаматтық бірегейлікті нығайту жұмысына негізделеді. Ассамблеяның 30 жыл ішіндегі ең басты жетістігі – ел ішіндегі бейбітшілікті нығайту. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында 300-ден астам кеңестер мен орталықтар, 50-ден астам этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Олар өңірдегі этносаралық келісімді нығайтуға, қоғамдық пікірді тұрақтандыруға, ұлттар құндылықтарын насихаттауға айтарлықтар үлес қосып келеді. Жалпы, жыл басынан бері 200 мыңнан астам адамды қамтыған 1000-нан астам іс-шаралар өткізілді.
Қазіргі таңда жақсылық жасауды өмірлік ұстанымына айналдырған 30-дан астам еріктілік орталығы жұмыс істейді. Биыл «Қайырымдылық керуені», «Мектепке жол», «Жылулық сыйла» акциялары аясында 700-ден астам әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді. Ассамблея жастары да өз бастамаларымен және тың жобаларымен ерекшеленеді. Біз ел игілігі үшін қызмет етуді жалғастыра береміз. Өйткені біздің мақсатымыз – бірлік пен тұрақтылықты сақтау арқылы Отанымыз – Қазақстанның жарқын болашағына өз үлесімізді қосу, – деп Нариман Төреғалиев сөзін игі тілекпен тәмамдады.
«Жайық үні»
Бұл туралы мақаланың толықтай нұсқасын газеттің ертеңгі санынан оқисыздар.
Соңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру