СТУДЕНТТЕР СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТТЫ
«ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің басты бағыттарының бірі халықаралық ынтымақтастық, соның ішінде шетелде білім алып жүрген студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру. «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің академиялық серіктестігі Татарстан Республикасында орналасқан Альметьевский мемлекеттік мұнай институты. Қазіргі таңда Қазақстанның батыс аймағы және Орал қаласының 30-дан аса студенті қоғамға қажетті мамандықтар бойынша аталмыш институттың алдыңғы қатарлы мұнай-газ, энергомеханика, экономика және гуманитарлық ғылымдар факультеттерінде білім алып жүр.

Оқу ордасы Татарстанның оңтүстік-шығысындағы біліктілікті арттыратын және дайындық жасайтын ғылыми және мәдени жастар орталығының бірі ретінде маңызды әлеуметтік құрылым қызметін атқарады. 1956 жылдың қыркүйек айында Альметьевский қаласында сырттай бөлімге арналған оқу-кеңестік бөлімше ашылған. 1958 жылы бөлімше сырттай бөлімнің филиалы болып қайта құрылған. Бұдан әрі филал базасында Татар кешкі факультеті ұйымдастырылған. 1992 жылдың шілде айында И.М.Губкин атындағы мемлекеттік академиялық мұнай және газ татар кешкі факультеті Альметьевский мұнай институты болып құрылған. Ал 2003 жылы Альметьевский мемлекеттік мұнай институты атауын алады. Институт үш корпусқа бөлінген, полиграфиялық орталық, студенттер жатақханасы және асханадан тұрады. Оқу орнының кітапхана қоры 140 мың данадан асады. Ал материалды-техникалық базасына келсек, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған, ғаламторға қосылған 15 компьютерлік класс бар. «Татнефть» ашық акционерлік қоғамымен бірлесе институт базасында оқу-білім орталығы жасақталды. Бүгінде Альматьевский мемлекеттік мұнай институтының спорт кешені кеңейіп келеді, яғни екі спорт зал, ашық стадион, жаттығу залы, диагностикалық орталық құрамына кіреді. Бұдан өзге институт қосымша «Татнефть» ААҚ спорт кешенінің жүзу бассейні мен бірнеше спорт залдарын жалға алып отыр. Оқу ордасының артықшылығы – мұнай өңдейтін кәсіпорындарға етене жақындығы. Бұл студенттердің өндірістік практика, диплом жұмыстарын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда кәсіпорынның мүмкіндіктерін пайдалануына жол ашады. Альметьевский мемлекеттік мұнай институты Татарстанның оңтүстік-шығысындағы мұнай-газ өндіру өнеркәсібіне мамандар даярлауды жүзеге асыратын бірден-бір көпсалалы жоғары кәсіби оқу орны саналады. Білім ордасы 10 мамандық бойынша дайындық жүргізеді.

Бүгінде Ару Ғазез, Самал Досқазиева, Эльмира Шопан, Эльвира Маруанова, Гүлнұр Насимуллина, Эльмира Қойбағарова, Мәлика Хайруллина, Батырбек Қайырғалиев, Аян Қадыров сынды өңіріміздің студенттері институттың ғылыми-зерттеу және қоғамдық өміріне белсенді араласып жүр.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу