ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР үстел теннисі федерациясының атқарушы хатшысы Данияр Ахметов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев және облыстық мәслихат депутаттары, тұрақты комиссия төрағалары Ербол Салықовтың, Борис Лаврентьевтің, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитовтың қатысуымен шаһарымыздың қарқынды дамып келе жатқан «Ақжайық» шағын ауданы аумағында «Freedom Shapagat» қорының басшысы Бағлана Мусинамен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – өңір үшін маңызды жаңа спорттық нысан – заманауи үстел теннисі орталығының құрылысына қатысты мәселелерді талқылау және ынтымақтастық бағыттарын нақтылау болды.
Аталған жоба инфрақұрылымды дамытуға, бұқаралық спортты өркендетуге және жастар арасында үстел теннисін кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Сонымен қатар «Freedom Shapagat қоры» директоры Бағлана Мусина, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы және мердігер «ИнтерСтрой НС» компаниясымен бірлесіп, Орал қаласында Үстел теннисі орталығын салу жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойылды.
Бұл – өңіріміз үшін аса маңызды оқиға. Жаңа орталық спорттық инфрақұрылымды дамытуға, бұқаралық спортты өрістетуге және жастар арасында үстел теннисін кеңінен насихаттауға серпін беретін нақты қадам болмақ.
Қазіргі таңда өңірімізде үстел теннисімен 6000-ға жуық адам айналысады. Бұл спорт түрі еліміздегі жетекші бағыттардың біріне айналып отыр.
Ұлттық құраманың мүшелері Кенжигулов Айдос пен Дастан, сондай-ақ Санжар Жубанов сынды спортшыларымыз – өңір мақтаныштары. Олардың жаттықтырушысы — Назарова Сарвар Ризоевна.
Осы жобаның жеке инвестор тарапынан жүзеге асуына қолдау көрсеткені үшін Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турловқа, «Freedom Finance Shapagat» қорының және ҚР үстел теннисі федерациясы басшылығына алғысымызды білдіреміз!
Жаңа орталықтың құрылыс 2026 жылы басталады деп жоспарлануда. Бұл бастама елімізде үстел теннисі спортының одан әрі дамуына және халықаралық деңгейде жаңа жетістіктерге жетуге жол ашады.
Барлық серіктестерге сенім білдіріп, қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз!
Бірлесе атқарған жұмыс – өңір спортының жаңа белесі болмақ!
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Откуда казахстанцы узнают о партиях и кандидатах на выборах в Курултай — результаты опроса
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті

Кіру