ҰЖЫМЫН БЕЛЕСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН…
Ұстаз деген сөз біз үшін қашанда қадірлі, қасиетті саналады. Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал, ұстаз болу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Сондықтан осы құрметті атаққа кір келтірмей, бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге аямай жұмсаған ұлағатты ұстаздар арамызда аз емес. Сондай жандардың бірі, қарапайым ұстаздықтан ректорлыққа дейін көтеріліп, осы салада аттай қырық жылдай абыройлы еңбек етіп келе жатқан экономика ғылымының кандидаты, академиялық профессор, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені ректорының міндетін атқарушы Гаухар Қайрлиеваны оралдықтар тәжірибелі маман, білікті басшы ретінде жақсы таниды.

Гаухар Ермекқалиқызы Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының құрамында. Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л.Прокопенконың атынан рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталса, облыс әкімі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Алтай Көлгінов қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жобаларға ғылыми қолдау көрсеткені үшін арнайы алғыс білдірді.
Кейіпкеріміз қаладағы №19 орта мектепті тәмамдаған соң Орал кооперативтік техникумына оқуға түседі. Әрі қарай білімін Мәскеу халықтар достығы орденді кооперативтік институтында жалғастырады. 1986 жылы аталмыш оқу орнын «Тауартану және азық-түлік емес тауар сатуды ұйымдастыру» мамандығы бойынша аяқтап, 1987 жылы осы оқу орнының педагогика факультетін бітіреді. 2003 жылы Мәскеу университетінде «Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау және дамыту» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғайды.
Гаухар Ермекқалиқызы еңбек жолын 1981 жылы бастайды, педагогикалық тәжірибесі 30 жыл. 1997-2001 жылдары Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтында сырттай бөлімнің деканы болып қызмет атқарса, 2001-2010 жылдары «ҚазИИТУ»-дың экономика факультетінің деканы болды. 2010 жылы Экономика және ақпараттық технология колледжінің директоры болып бекітіледі. 2014-2017 жылдары «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің халықаралық байланыс және ғылыми жұмыстар бойынша проректоры қызметін абыроймен атқарды. Кейін 2016-2017 жылдары «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ректоры міндетін атқарушы болса, 2017 жылдың 4 желтоқсанынан бері университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры болып тағайындалды.
Гаухар Ермекқалиқызы университеттің дамуына, өркендеп кең қанат сермеуіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Соңғы бес жылда іскер жанның тынымсыз еңбегі нәтижесінде Мәскеу, Дубна, Самара, Тольятти қалаларының алдыңғы қатарлы оқу орындарымен ғылыми байланыс орнықты. Ол жұмысты ғылыми қызметпен шебер байланыстыра біледі. Қазақстан мен Ресей Федерациясының оқу орындары арасында өткен халықаралық форум жұмыстарына белсенді қатысып келеді. Әрдайым педагогикалық шеберлігін дамытуға күш салады. Оның ғылыми мақалалары конференция жинақтарында, Қазақстан мен Ресейдің мамандандырылған ғылыми журналдарында жарияланып жүр. Сонымен бірге жан-жақты тұлға «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК штаттан тыс оқытушысы саналады.
Тәжірибелі маманның әр жылдары атқарған елеулі еңбегі ескерусіз қалған емес. 2006 жылы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын иеленсе, 2009 жылы «ҚР Білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2017 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. 2011, 2014 жылдары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясынан қайта даярлаудан өтті. 2012 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатын иеленсе, 2012 жылы Түркияның Стамбул қаласында кәсіби және техникалық білімді дамыту бойынша білімін жетілдіріп қайтқан.
Иә, «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» демекші, ұжым мақтанышы, тәжірибелі ұстаз Гаухар Ермекқалиқызы өзі басқаратын ұжымды тек биік белестерге жетелеп келе жатқанын ерекше атап өткеніміз жөн. Сондықтан, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан абыройлы жанның өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру
Пікір үстеу