Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады
Халық қаһарманы, аса көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері – Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында ұлы тұлғаның ескерткіші бой көтеріп, жаңа мәдениет үйі ашылды.
Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары қатысты.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықау сөзінде ескерткіштің ашылуы халқымыздың әйгілі тұлғаға деген айрықша құрметі мен ыстық ықыласының белгісі екенін атап өтті.
«Нұрғиса Тілендиев өркениетіміздің өрісін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты, еліміздің мәдени мұрасын жаңғыртуға, қазақтың ән-күйін жер жүзіне танытуға зор еңбек сіңірді. «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалап, ұлтымыздың рухани дүниетанымын байыта түсті. Ол алтын қорымызға енген пьесалар мен фильмдерге музыка жазып, театр және кино саласында қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Нұрғиса Тілендиевтің теңдессіз мұрасы әлі талай ұрпаққа тағылым берері сөзсіз. Оның есімі қазақ мәдениетімен бірге мәңгі жасай береді», – делінген құттықтау хатында.
Мемлекет басшысының мерейлі сәтке орай жолдаған лебізін жеткізген Аида Балаева өз сөзінде ұлы композитордың қазақ мәдениетіне қосқан өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.
«Ұлы композитор халқымыздың тарихы мен тағдырын, қуанышы мен қайғысын, арман-мұратын өнермен өрнектеп, артында мол мұра қалдырды», – деді А. Балаева.
Министр Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай елімізде және шетелде ауқымды мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын айтты.
Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы 2025 жылды «Нұрғиса Тілендиев жылы» деп жариялап, Анкарада көрме, деректі фильм көрсетілімі мен композитор шығармаларынан концерт өткізді. Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде «Шабыт бастауы» атты көрме ашылып, АҚШ-та Карнеги-холда арнайы экспозиция, Бейжіңде «Құстар қайтып барады» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Сондай-ақ Мәскеу, Франкфурт, Бішкек, Алматы және Түркістан қалаларында түрлі концерттер мен фестивальдер өтті.
«Бүгінгі ескерткіштің ашылуы да ұлы тұлғаның рухын ұлықтауға арналған іс-шаралардың бір парасы деп білеміз. Осынау еңселі ескерткіш – Нұрғиса Тілендиевтің ұлт жүрегіндегі мәңгілік орнын айшықтайды. Нұрғиса Атабайұлының құнды қазынасы қазақтың мәңгілік мұрасы болып қала берері сөзсіз», – деді министр.
Салтанатты жиынға қатысушылар 400 орындық жаңа мәдениет үйінің ашылуына қатысып, көрме залдарын аралады. Іс-шара аясында арнайы концерт өтіп, дәулескер күйшінің әндері мен күйлері орындалды.
Айта кетейік, Нұрғиса Тілендиевтің мүсінін белгілі мүсіншілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов жасаған. Қоладан құйылған ескерткіштің биіктігі – 2,85 метр, тұғыры – 1,5 метр, жалпы биіктігі – 4,35 метр. Тұғыры граниттен жасалған. Еңселі ескерткіш – ұлы сазгердің ұлт руханиятына сіңірген еңбегіне деген ел құрметінің айғағы.
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Кіру