8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2025 1231 0
Оқиға

Бірнеше көлікті тонаған

Батыс Қазақстан облысында автокөліктерден ұрлық жасаған 34 жастағы Орал қаласының тұрғыны ұсталды. Күдіктіні облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері анықтап, қолға түсірген.

Тергеу барысында ер адамның түнгі уақытта тұрғын үй аулаларындағы автотұрақтарда тұрған көліктердің терезесін сындырып, ішіндегі бейнетіркегіштер мен бағалы жеке заттарды ұрлағаны белгілі болды.

Полиция дерегінше, күдікті 2025 жылдың шілде және тамыз айлары аралығында Орал қаласында 11 рет ұрлыққа барған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 5 миллион теңгеден асып кеткен.

Қазіргі таңда тергеу амалдары толық аяқталып, жинақталған қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол заң аясында жауапқа тартылатын болады.
Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
29 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
127 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
196 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
235 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»