8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қыркүйек 2025 1884 0
Жалын

Қазақ елін қадірлеген КРИСТИНА

Кристина Липнау – Орал қаласының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты қызметін абыроймен атқарып жүр.

Ол Орал қаласында 2002 жылы 9 сәуірде дүниеге келген. Атасы Ресейдің Краснояр өлкесі Березев ауданы Белозерка аулында туған. Тың игеру басталып, Қазақстанға қоныс аударғанда атасы тек қана 1 жаста болған көрнеді. Ал әкесі бүгінде мал шаруашылығымен айналысып отырған еңбекқор жан. Кішкентайынан ат жалын тартып мінген Кристинаның бұл қайсар қабілетін атбегі әкесі шыңдаған екен.

– Мен сонымен қатар қазақ халқының атбегілік өнерінің сырына көп үңілемін. Жылқы жануары ерекше қасиетке ие, төрт түліктің төресі ғой. Әкем сәйгүлікті ерекше қастерлейді. Атқа мінудің денсаулыққа пайдасы зор болса, екіншіден рухани жаңғыру дер едім, – дейді Кристина.

– Анам ауылдағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Өзімнен кейін екі інім бар. Олар да қазақ тілін өте жақсы меңгерген, отбасымызда тілге деген құрмет бар, екі тілде де еркін сөйлесеміз. Қазақстанда тұратын 130-дан аса ұлт пен ұлыс өкілдерін бір-біріне деген құрмет, отбасылық құндылықтар, бейбітшілік пен татулық біріктіріп тұр деп ойлаймын. Алдағы уақытта біз балаларымызға да қазақ тілін үйретіп, тарих пен мәдениетті таныта білгеніміз абзал. Маған неміс әдебиетінің классигі Гетенің «Сіз қанша тіл білсеңіз, сонша адамсыз» деген сөзі ұнайды. Менің ұлтым – неміс. Бірақ мен «мемлекеттік тіл – менің тілім» деп нық сеніммен айта аламын,- дейді Кристина.

Қазақ елін, тілін сүйген әріптесі жайлы Орал қ.ПБ қызметкері Гүлжиян ҚАРАҒОЙШИЕВАның мақаласын газеттің 18 –қыркүйектегі санынан оқуға болады.

«Жайық Үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
88 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
80 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
82 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»